Тарифтік реттеушінің басшысы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның баспасөз турына қатысты

Тарифтік реттеушінің басшысы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның баспасөз турына қатысты

Бүгін Ақтөбе қаласында табиғи монополияларды реттеу нысандары ішінде жылу энергиясын өндіру саласындағы «Ақтөбе ЖЭО» акционерлік қоғамында баспасөз тур өтті.

Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің кезекті баспасөз туры болып табылады.

Осы жолы баспасөз тур Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевтың қатысуымен өтті.

Ақтөбеде осы базалық субъектінің нысандары да ТМРК басшысының назарынан тыс қалған жоқ.

Баспасөз тур «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның нысанында Ақтөбе облысы бойынша Комитеттің аймақтық бөлімшесі басшылары, Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілі, «Ақтөбе ЖЭО» акционерлік қоғамының басшылығы, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуымен өткізілді.

 «2017-2022 жылдарға арналған «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру қызметінің инвестициялық бағдарламасы» шеңберінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бекіткен «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның 2020 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының жалпы сомасы 6 415 253 мың теңге құрайтынын айта кету қажет.

2019 жылдың деректері бойынша инвестициялық бағдарлама 960 942 мың теңгеге жүзеге асырылған, оның ішіне келесі іс-шаралары кіреді:

  • «Қуаты 57 МВт кәделеуші қазандықпен газтурбиналық қондырғыны (бұдан әрі - ГТҚ) салынып «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ын кеңейту» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;
  • «Өз қажеттіліктері үшін сужинағышының құрылысы» жобасын жүзеге асыру;
  • «гидрокүлкетіргіш (бұдан әрі - ГКК) желісін» қалпына келтіру;
  • «Станцияның өз қажеттіліктері үшін кернеуі 3,15 кВ-тан 6,3 кВ кернеуге ауыстыру» жобасын жүзеге асыру;
  • БКЗ160-100ГМ ст.№8 қазандығын қайта жаңарту;
  • Негізгі құралдар құнын өсіретін жабдықтар, су құбырлары, ғимарат пен имараттардың күрделі жөндеу жұмыстары.

2020 жылға инвест.бағдарламасының сомасы 1 523 314 мың теңгеге бекітіліп, келесі жобалардың аяқталуы жоспарланып отыр:

  • «Қуаты 57 МВт кәделеуші қазандықпен ГТҚ салынып «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ын кеңейту» жобасы;
  • «Өз қажеттіліктері үшін сужинағышының құрылысы» жобасы;
  • «Өнімділігі 120 м3/сағ ультрафильтрация қондырғысын орнату»;
  • Буландырғыш-тоған қоршауын салу;
  • ГКК желісін қалпына келтіру;
  • «Станцияның өз қажеттіліктері үшін кернеуі 3,15 кВ-тан 6,3 кВ кернеуге ауыстыру» жобасы;
  • Буландырғыш-тоған астауын күрделі жөндеу (№4 секцияның тұзды ағындары);
  • БКЗ160-100ГМ ст.№8 қазандығын қайта жаңарту;
  • Негізгі құралдар құнын өсіретін жабдықтар, су құбырлары, ғимарат пен имараттардың күрделі жөндеу жұмыстары.

Баспасөз тур кезінде телемеханика және компьютер құралдары арқылы жылу-электр жабдықтары жүйесі барлық элементтер жұмысын бақылап, орталықтандырылған автоматты басқаруды жүзеге асыратын Басқарудың қалқаны араланды.

«Қуаты 57 МВт кәделеуші қазандықпен газтурбиналық қондырғыны (ГТҚ) салу» жобасына қатысты. Аталған нысан бойынша жұмыс 2020 жылға арналған инвестициялық бағдарламасында бекітілді, аяқталуы 2022 жыл.

«Қуаты 57 МВт кәделеуші қазандықпен ГТҚ салу» жобасының жүзеге асырылуы келесі мүмкіндіктерді береді:

  • ЖЭО электр қуатын 57 МВт-қа көбейту, жыл бойы негізгі режимде қолдану;
  • Ескірген қазандық жабдықтарын істен шығарып, тиімді бу-газ циклына көшу арқылы ЖЭО үнемділігін арттыру;
  • Электрқуаты мен жылуды өндірудің сенімділігін арттыру;
  • Ақтөбе ЖЭО-ның экологиялық мінездемесін жақсарту;
  • Жаңа қондырғыда технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізу мен прогрессивті технологияның арқасында қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту.

Кәдеге жарату қазандығын іске қосқаннан кейін 1943 жылы енгізілген орташа қысымды қазандық агрегаттарын кезең-кезеңмен ауыстыру жоспарлануда (парктік ресурсты әзірлеу және жабдықтың тозуына байланысты).

«Станцияның өз қажеттіліктері үшін кернеуі 3,15 кВ-тан 6,3 кВ кернеуге ауыстыру» жобасына қатысты. Аталған нысан бойынша жұмыс 2020 жылға арналған инвестициялық бағдарламасында бекітілді, аяқталуы 2022 жыл.

Бұл жобаның жүзеге асырылу мақсаты:

  • моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген жабдықтарды ауыстыру;
  • өз қажеттіліктеріне электр энергиясының ысырабын азайту, электр қозғалтқыштарының қуатын өз мұқтаждықтарының механизмдеріне сәйкес келтіру;
  • майлы ажыратқыштарды вакуумға, майлы трансформаторларды құрғаққа ауыстыру арқылы экологиялық шығарындыларды азайту;
  • электромеханикалық қорғанысы бар басқару панельдерін цифрлық басқару панеліне ауыстыру арқылы өз қажеттіліктердің электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру.

«Өнімділігі 120 м3/сағ ультрафильтрация қондырғысын орнату» жобасына қатысты. Аталған нысан бойынша жұмыс 2019 жылға арналған инвестициялық бағдарламасында бекітіліп, сол жылы аяқталды.

Бұл жобаның мақсаты қондырғыны монтаждау арқылы жиынтық өнімділікті сағатына 120 м3 жеткізіп, ультрафильтрация цехының тиімділігін арттыру және де өнеркәсіптік ағындардың су тұтынуы мен төгінділерін азайту болып табылады.

«Өз қажеттіліктері үшін сужинағышының құрылысы» нысанына қатысты. Аталған нысан бойынша жұмыс 2019 жылға арналған инвестициялық бағдарламасында бекітіліп, сол жылы аяқталды.

Ақтөбе ЖЭО өзінің сумен жабдықтау көздері жоқ және екінші пайдаланушы болып табылады. Жобада Елек өзенінен сағатына 500 м3 көлемінде жеке су тарту құрылысы көзделді. Бұл жобаның мақсаты сумен тұрақты қамтамасыз ету және станция жұмысының сенімділігін арттыру болып табылады.

Су өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылады, атап айтқанда:

  1. 100 м3/сағ көлемінде қазандық агрегаттарын қоректендіруге суды дайындау үшін;
  2. Сумен жабдықтаудың айналым жүйесін қоректендіру үшін – 100 м3/сағ көлемінде ескі және 300 м3/сағ көлемінде жаңа айналым жүйесін қоректендіру үшін.

ГКК (гидрокүлкетіргіш) желісін қалпына келтіру нысанына қатысты. Аталған нысан бойынша жұмыс 2019 жылға арналған инвестициялық бағдарламасында бекітіліп, сол жылы аяқталды.

ЖЭО жабдықтарынан пайдалану процесінде барлық дренаждар мен салқындатқыш су қазандық цехында орналасқан багер сорғыларының қабылдау бункеріне жиналады. Багер бункерінің шұңқырларынан су сорғылармен гидрокүл шығару құбыры бойынша күл-қож үйіндісінің алаңына айдалады.

ГКК желісінің құбыржолдары бетон іргетастарында жоғары және төмен металл тіреулер (эстакадалар) бойынша жерүсті төселді. Күл-қож үйіндісі ауданында желі жерасты төселінген. Қолданыстағы құбыр жолы АФЗ аумағы арқылы өтеді.

Жабдықтың физикалық және моральдық ескіруі мен ГКК желісіне қызмет көрсетудің күрделенуіне байланысты қолданыстағы ГКК желісін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының аумағынан тыс салынған жаңасына ауыстыру жүргізілді.

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру кезінде барлық құрылыс-монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға қатаң сәйкес орындалды, құрылыс барысын бақылауды авторлық және техникалық қадағалау жүзеге асырылды.

Аталған іс-шаралар қаланы электр және жылу энергиясымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз етуді арттыруға мүмкіндік береді.

Баспасөз туры барысында қатысушылар, оның ішінде БАҚ өкілдері кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын орындау бойынша қызықтыратын сұрақтарды және субъектінің қызметіне қатысты басқа да маңызды сұрақтарды қойды. Комитет төрағасы Асан Дарбаев БАҚ өкілдерінің кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын орындауға қатысты сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ жылуэнергиясына тарифтің негізсіз көтерілмейтінін атап өтті.