«KEGOC» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

«KEGOC» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде «KEGOC» АҚ-ның электр энергиясын беру, желіге жіберуді және электр энергиясын тұтынуды техникалық диспетчерлендіру және 2021-2025 жылдарға арналған электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімдерін қарау бойынша жария тыңдауын өткізді.

Жария тыңдауға Парламенттің жоғарғы палатасының депутаты, Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы, Парламенттің төменгі палатасының депутаты, Дәуренбаев Амангелді Айдарұлы, «Атамекен» Қазақстан ҰКП-ның, Энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, салалық ассоциациялардың, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның тұтынушылары қатысты.

Жария тыңдау Комитет төрағасы Асан Дарбаевтың төрағалық етуімен өтті, ол барлық қатысушыларды құттықтап, жария тыңдауды өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның тариф және тарифтік сметаларының жобаларына өз ұсыныстары мен ескертулерін белсенді түрде айту қажеттігін атап өтті.

«Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделері теңгерімінің ашықтығын, хабардарлығын сақталуын, жоғарыда аталған реттеліп көрсетілетін қызметтерге КЕГОК өтінімдерін қарау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.»,- деді Асан Дарбаев.

Елордада карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты жария тыңдау қатар Комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасы және ZOOM платформасы арқылы да көрсетілді, онда әрбір адам нақты уақыт режимінде субъектінің өтінімі бойынша сұрақ қоя алады.

Одан кейін субъект атынан «KEGOC» АҚ-ның Басқарма Төрағасы, Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы кіріспе сөз сөйледі.

«KEGOC» АҚ-нан жария тыңдауда спикер болып «KEGOC» АҚ-ның Қаржы және есеп бойынша Басқарушы директор – Айбек Ботабеков сөз сөйледі.

«KEGOC» АҚ-ның өкілі өз сөзінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғарыда көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер 5 жылға белгіленетінін хабарлады.

«KEGOC» АҚ-ның электр энергиясын беру, электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге қолданыстағы тарифтері 2016-2020 жылдарға бекітілді. Олардың қолданылу кезеңінің аяқталуына байланысты «KEGOC» АҚ ТМРК-ға 2021-2025 жылдарға арналған жаңа тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге өтінім берді», - деп атап өтті Айбек Ботабеков өз сөзінде.

Содан кейін жария тыңдаудағы қатысушылар мен БАҚ өкілдері субъектінің тарифтері мен тарифтік сметаларының жобаларына қатысты өздерін қызықтыратын және толғандыратын сұрақтарды қойып, оларға жауаптар алды.

Қорытындылай келе, Комитет басшысы барлығына қатысқаны және ұсыныстарды белсенді айтқаны үшін алғыс айтып, барлығына ұсынылған жоба тек жоба екенін еске салды, және түпкілікті шешім «KEGOC» АҚ-ның өтінімін қарау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіппен қабылданатынын атап өтті.

Комитет жария тыңдаудағы қатысушылардың пікірін әрдайым ескеретінін және түпкілікті шешім қабылдау кезінде тұтынушылар мен субъект арасындағы мүдделер теңгерімін сақтауға тырысатынын еске салу қажет.