ТМРК-да «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

ТМРК-да «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 2021-2025 жылдарғы арналған магистральдық теміржол желілері, бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар және электр энергиясын беру салаларындағы реттеліп көрсетілген қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге берген өтінімдерін қарау бойынша жария тыңдаулар өтті.

Жария тыңдауға «Атамекен» ҰКП-ның, Энергетика министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, салалық ассоциациялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның тұтынушылары қатысты.

Жария тыңдау Комитет төрағасы Асан Дарбаевтың төрағалығымен өтті, ол барлық қатысушыларды қарсы алып, жария тыңдауды өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның тарифтері, тарифтік сметалары жобаларына өз ұсыныстары мен ескертулерін белсенді түрде айту қажеттігін атап өтті.

Елордада карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты, жария тыңдау қатар Комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасы және ZOOM платформасы арқылы көрсетілді, онда әрбір адам нақты уақыт режимінде субъектінің өтінімі бойынша сұрақ қоя алды.

Жария тыңдауда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Даир Көшеров спикері болды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өкілі өз сөзінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес магистральдық теміржол желілері, бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар және электр энергиясын беру салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтері 5 жылға бекетілетіндігін хабарлады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 2016-2020 жылдарға арналған магистральдық теміржол желілері, бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар және электр энергиясын беру салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерінің қолданыстағы тарифтері бекітілді. Олардың қолданылу кезеңінің аяқталуына байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 2021-2025 жылдарға арналған магистральдық теміржол желілері, бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар және электр энергиясын беру салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жаңа тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге ТМРК-ке өтінім берді», - Даир Көшеров өз сөзінде атап өтті.

Сонымен қатар, жария тыңдаудың қатысушылары, оның ішінде БАҚ өкілдері субъектінің тарифтері мен тарифтік сметаларының жобаларына қатысты өздерін қызықтыратын және толғандыратын сұрақтарды қойып, оларға жауаптар алды.

Қорытындылай келе, Комитет басшысы барлығына қатысқаны және ұсыныстарын белсенді айтқаны үшін алғыс айтып, және бұл талқылауға ұсынылған тек жоба ғана, және түпкілікті шешім «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өтінімін табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіппен қарау қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданатынын атап өтті.

Айта кету керек, Комитет әрдайым жария тыңдаудың қатысушыларының пікірлерін ескереді және түпкілікті шешім қабылдаған кезде тұтынушылар мен субъект арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтауға тырысады.