Бүгін Шымкент қаласында сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополия субъектісі болып табылатын «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ның нысандары бойынша баспасөз туры өтті.
Бұл ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өткізіп жатқан кезекті баспасөз туры.
Бұл жолы баспасөз тур Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевтың қатысуымен өтті.
Баспасөз тур «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ның нысандарында өтті, оған Комитеттің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшылығы, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ның басшылығы, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ның 2019 жылға арналған инвестициялық бағдарламасын Шымкент қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті бойынша департаменті «2016-2021 жылдар кезеңіне арналған инвестициялық бағдарлама» шеңберінде жалпы сомасы 11,4 млрд. теңге, оның ішінде Еуропалық Қайта Құру және Даму банкінің (ЕҚҚДБ) қарыз қаражаты 1,9 млрд. теңге, Үкіметтің субсидиясы есебінен 1,6 млрд. теңге көлемінде бекіткенін атап өту қажет.
2019 жылы инвестициялық бағдарлама бойынша нақты орындалғаны 5,044 млрд. теңге, ол 11 бөлімді қамтиды, олардың негізгілері су құбыры желілерін қайта жаңарту (33754 п. м.), кәріз желілерін қайта жаңарту (3326 п. м.), көмеш-бұлақ су құбыры құрылыстарын салу, 1 кезең (1 нысан), сорғы станциялары мен ұңғымаларда процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ПБАЖ) енгізу (3 нысан), энергия үнемдейтін сорғыларды орнатумен сорғы станциясын жаңғырту (8 нысан).
Сондай – ақ, 2020 жылға инвестициялық бағдарламаның сомасы-2,4 млрд. теңге бекітілді және 8 іс-шараны іске асыру жоспарлануда, олардың негізгілері су құбыры желілерін қайта құру (34128 п. м.), кәріз желілерін қайта құру (7338 п. м.), көмеш-бұлақ су құбыры құрылыстарын салу, 2-ші кезең (1 нысан), энергия үнемдейтін сорғыларды орнатумен сорғы станциясын жаңғырту (3 нысан), су қысымын бақылауды автоматтандыру (2 дана) болып табылады.
Баспасөз турының нысандары:
I. №3 алаңнан Тәуке хан даңғылына дейін (Желтоқсан көшесі, Жанқожа батыр көшесі, Иляев көшесі, Аймауытов көшесі) 500мм су таратқышты қайта құру Еңбекші ауданы, Шымкент қаласы (ауыспалы).
Бұл су құбырының қайта құру қажеттілігі оның толық тозуымен байланысты.
Құбыр материалы – болат. Жалпы ұзындығы – 708 п.м.құрайды.
II. Орталық диспетчерлік қызмет (ОДҚ) -тұтынушыларды қажетті су көлемімен және тұтынушылардың ағынды суларын бұрумен тәулік бойы үздіксіз қамтамасыз етуді қадағалайды.
Орталық диспетчерлік қызмет тұтынушыларға дейін суды өндіру мен тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен цифрлық технология негізінде тұтынушыларды қажетті су көлемімен тәулік бойы үздіксіз қамтамасыз етуді қадағалайды. ОДҚ диспетчерлері тәулік бойы Интернет браузердің көмегімен ОДҚ мониторында көрсетілетін су қысымын бақылаудың техникалық технологияларын көрсету арқылы қаланың су құбыры жүйесінің негізгі тораптарындағы су қысымының деңгейін бақылайды. Осы технология нәтижесінде тұрақты сумен жабдықтау қамтамасыз етіледі және су құбыры желілерінің апаттылығы 0,66 жағдай/км-ден 0,3 жағдай/км-ге дейін төмендетілді.
Орталық диспетчерлік қызметте апаттық-қалпына келтіру жұмыстары бригадаларының жұмысын жедел ұйымдастыру үшін «МББАЖ» бағдарламасы (мобильді бригадаларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі) енгізілді. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына тартылған барлық көліктерде «PILOT» және «МББАЖ» бағдарламалары бойынша GPS жүйесі орнатылған.
III. Қалалық кәріздік тазалау ғимараты
Кәріздік тазалау ғимараттарында электр энергиясын алу үшін биогаз өндіруге тұнбаларды қайта өңдеу кешенін салумен және кәрізді тазалау ғимараттарының қуатын тәулігіне 100 мың м3-ден тәулігіне 150 мың м3-ге дейін кеңейтумен толық жаңғырту жүргізілді. Нәтижесінде қол жеткізілді:
IV. Ақбай – Қарасу су қабылдағышы
Ақбай-Қарасу су қабылдағышы 1977 жылы пайдалануға берілді. Су тартудың жобалық қуаты тәулігіне 206 мың м3. Жер асты суларының алғашқы көтерілуі 60-70 метр тереңдіктегі тік ұңғымалар арқылы жүзеге асырылады.
Су қабылдағыш қалаға берілетін судың жалпы көлемінің 85-90%-ын қамтамасыз етеді. Диспетчерлік торап сорғы-энергетикалық жабдықтың тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Су қабылдағыштың диспетчерлік торабында нақты уақыт тәртібінде ұңғымалардың жай-күйінің ағымдағы ақпараты (ұңғымалардағы ағын, қысым, су деңгейі) көрсетіледі.
Ұңғымалар - 42 бірлік, оның өнімділігі орташа 500 м3/сағ, 25 сифонды ұңғыма іске қосылған, 17-сорғы ұңғымалары бар.
Сорғы ұңғымаларында ресейлік және қытайлық компаниялар шығарған энергия тиімді сорғылар орнатылған.
Ақбай-Қарасу су қабылдағышының ұңғымалары қашықтықтан басқару және мониторингтің автоматты жүйесімен жабдықталған.
Қызыл ту және Қарасу 2-ші көтергіш сорғы станциясы НДВ типті 8 бірлік сорғымен жабдықталған.
ГРУНДФОС компаниясы өндірген SELCOPERM – 500 ауыз суды залалсыздандыратын станциясы, қуаты-7 мың м3/сағ, негізгі реактив - электролиттік диссоциация процесінде натрий гипохлориті мен хлордың бос тотықтырғыштарын өндіретін таблеткаланған техникалық тұзды пайдаланып автоматты режимінде жұмыс істейді.
Су жинау тәулік бойы мамандандырылған күзет қызметімен қорғалады.
Жалпы инвестициялық бағдарлама есебінен 2016-2020 жылдарға арналған «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ы кәсіпорыны келесі жұмыстарды орындады:
Салынған инвестициялар нәтижесінде қол жеткізілді (2016-2020 жж.):
- тұтынушыларға үздіксіз су беруді қамтамасыз ету;
- нормативтік-техникалық шығындарды 17,03% - дан 15,45-ға дейін төмендету;
- электр энергиясының меншікті нормасын 0,1-ден 0,07 квт/м. куб-қа дейін төмендету;
- су құбырының тозу деңгейін 51,72% - дан 49,7% - ға дейін төмендету;
- кәріздің тозу деңгейін 77,8% - дан 77,5% - ға дейін төмендету;
- су құбыры желілерінің апаттылығын 0,38 жағдай/км-ден 0,3 жағдай/км-ге дейін төмендету;
- кәріз желілерінің бітелуін 3,4 жағдай /км-ден 2,9 жағдай /км-ге дейін төмендету.
Баспасөз тур кезінде Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев БАҚ өкілдеріне осы баспасөз турының мақсатын түсіндіріп, жалпы табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеу бөлігіндегі тарифтік органның жұмысы туралы айтып берді.