ТМРК қызметкерлері ЭРРА-НАРУК вебинарында қатысты

ТМРК қызметкерлері ЭРРА-НАРУК вебинарында қатысты

Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығы (ЭРРА) АҚШ коммуналдық кәсіпорындарды реттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің Ұлттық қауымдастығымен (НАРУК) бірлесіп, ұйымға мүше елдердің реттеуші органдарына арналған: «Реттеу саласындағы шешімдер қабылдау процесіне мүдделі тараптардың қатысуы» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.

Вебинардың мақсаты - реттеуші органдарға реттеу шешімдерін неғұрлым инклюзивті ету және нәтижесінде шешім қабылдау процесінің ашықтығы мен сенімділігін арттыру үшін, мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл стратегиясын әзірлеу үшін практикалық құралдар мен ұсыныстар беру болып табылады.

Вебинар барысында мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасаудың тікелей тәжірибесі бар реттеуші органдардың беделді спикерлері мен өкілдері халықаралық озық практиканың мысалдарымен бөлісті және мүдделі тұлғалармен тиімді өзара іс-қимыл жасау кезінде нақты кездесетін сын-тегеуріндердің практикалық мысалдарын ұсынды.

Вебинарда ашықтықты көтермелеу және энергетиканы реттеуге жұртшылықтың қатысуы жөніндегі, тарифтік мөлшерлемелер туралы ақпараттандыру жөніндегі және әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас жөніндегі практикалар таныстырылды.

Сондай-ақ, Латвия, Грузия, Оман, Нигерия және Оңтүстік Африка мысалында қоғамдық консультациялар өткізу және жалпы мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау үшін әлеуметтік желілерді пайдаланудың практикалық мысалдары аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды.

Баяндамашылардың сөздерінің қорытындысы бойынша реттеуші органдардың өкілдерін қызықтыратын практикалық мәселелер белсенді талқыланды және іс-шараның қорытындысы шығарылды.