Бүгін Алматы қаласында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" (ЭКСЖ) ұлттық жобасын іске асыруды жариялауға арналған тренинг өткізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев журналистерге ұлттық жобаның негізгі бағыттары мен міндеттеріне шолу жасады.
Ол ЭКСЖ іске асыру тозған инженерлік инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңартуға және коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл ретте жоба негізінен инвестициялар тарту есебінен қаржыландырылады, бұл жаңғыртудың халық үшін тарифтерге әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында Алматы мен Алматы облысының коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жоспарлар ұсынылды. 2026 жылы өңірге инвестициялардың жалпы көлемі 170 млрд теңгеден асады.
Сондай-ақ, тренингке "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ," Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы" АҚ және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қатысып, ұлттық жобаны іске асырудың қаржылық және техникалық құралдары туралы айтып берді.