"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметаны бекітуге өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтті

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметаны бекітуге өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтті

Бүгін, 2025 жылғы 10 қазанда, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2026–2030 жылдарға арналған электр энергиясын беру жөніндегі реттелетін қызмет бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның тарифтері мен тарифтік сметасын бекіту туралы өтінімін талқылау жөнінде жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдаулар Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының міндетін атқарушы Таукенов Науырызбай Аманқұлұлының төрағалығымен өтті. Ол қатысушыларды іс-шараны өткізу тәртібімен таныстырды.

Ол барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, оларды өтінім бойынша ұсыныстар мен ескертулер беруге шақырды. «Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты – ашықтықты, жариялылықты, ақпараттандыруды қамтамасыз ету және тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау», – деп атап өтті Науырызбай Аманқұлұлы.

Іс-шараға тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.

Тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітудің ынталандырушы тарифтік реттеу әдісі бойынша өтінімге қатысты баяндама жасаған - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының экономика және қаржы жөніндегі директордың орынбасары Александр Сергеевич Кирович.

Жария тыңдаулар офлайн форматта өткізілді және ZOOM платформасында онлайн көрсетілім ұйымдастырылды, бұл мүдделі тұлғаларға нақты уақыт режимінде сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.

Іс-шараның қорытындысында ТМРК Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқарма басшысының міндетін атқарушы ұсынылған тарифтер мен тарифтік сметаның алдын ала сипатқа ие екенін, ал түпкілікті шешім «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өтінімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер мен тәртіпке сәйкес мұқият қарау нәтижесінде қабылданатынын атап өтті.