Шымкентте ТМРК басшысының қатысуымен кезекті баспасөз тур өтеді

Шымкентте ТМРК басшысының қатысуымен кезекті баспасөз тур өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кезекті баспасөз турды «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ның нысандары бойынша өткізеді.

Осы баспасөз тур да Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы, Асан Дарбаевтың қатысуымен өтеді.

Баспасөз турда орталық-диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысу, су құбыры желілері, кәріз тазарту құрылыстары кешені және Ақбай-Қарасу су қабылдағышы қайта жаңғыртылып жатқан нысандарға бару жоспарлануда.

Баспасөз тур 2020 жылғы 16 қазанда сағат 10:00-де өтеді.

Жиналатын орын мен уақыт: Шымкент қ., Ғ.Орманов көшесі, 17, сағат 10.00-де.

Департамент аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Қаладағы карантиндік режимді ескере отырып, келесі санитарлық нормалар сақталады:

- Маска режимін сақтау және кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтық;

- Келушілердің дене температурасын тепловизормен тексеру;

- 65 жастан аспаған келушілердің болуы.

Бұл ретте, санитарлық нормаларды сақтау мақсатында баспасөз турына қатысушыларды қатысу туралы ақпаратты 2020 жылғы 16 қазан күні сағат 9.00-ден кешіктірмей Департаменттің электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз: kense@economy.gov.kz,  немесе мына телефонға хабарласуды сұраймыз:  8 7252-32-15-05