Елордалық Департамент «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК тарифтерінің күрт көтерілуіне жол бермейді

Елордалық Департамент «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК  тарифтерінің күрт көтерілуіне жол бермейді

Бірқатар БАҚ-та сумен жабдықтау тарифтері 300% - ға өсетіні туралы ақпарат жарияланды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті мынаны хабарлайды, 2020 жылғы 25 маусымда «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК 2021-2025 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаның шекті деңгейлерін бекітуге өтінім берді.

Ағымдағы жылдың 6 қазанында Департамент тарифтерді қалыптастыру рәсімінің жариялылығы, ашықтығы мақсатында мәслихат депутаттарының, қоғамдық бірлестіктердің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуымен «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК өтінімі бойынша ашық жиналыс нысанындағы тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдаулар өткізу барысында «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК өкілдерімен сумен жабдықтау бойынша 44% - ға, су бұру бойынша 137% - ға жоспарланған өсіммен кәсіпорын тарифінің жобасы таныстырылды.

Бұл ретте ұсынылған өтінім тариф жобасы болып табылатынын атап өту қажет.  

Департамент Кәсіпорын мәлімдеген шығындарының барлық баптарының негізділігіне және табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне егжей-тегжейлі талдау жүргізеді.

Осыған байланысты, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы тариф деңгейінің алдағы уақытта көтерілетіні туралы нақты мәлімдеу сенімді ақпаратқа жанаспайды және дұрыс емес болып табылады.