Бүгін, 2025 жылғы 29 қыркүйекте ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған магистральдық құбырлар жүйесі бойынша мұнайды Қазақстан Республикасының ішкі нарығына айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифті ынталандырушы тарифтік реттеу әдісі бойынша өтінімін талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізді.
Жария тыңдаулар ТМРК төрағасының орынбасары Құлназаров Қанат Темірұлының төрағалығымен өткізілді, ол қатысушыларды іс-шараны өткізу тәртібімен таныстырды.
Ол барлық мүдделі тараптардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, оларды өтінім бойынша ұсыныстар мен ескертулер беруге шақырды. «Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты – ашықтықты, жариялылықты, ақпараттандыруды қамтамасыз ету және тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау», – деп атап өтті Қанат Темірұлы.
Іс-шараға тұтынушы «ҚазМұнайГаз» АҚ, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітудің ынталандырушы тарифтік реттеу әдісі бойынша өтінімге қатысты баяндама жасаған – «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тарифтік реттеу басқармасының бастығы Уринбаев Азамат Джахангирұлы.
Жария тыңдаулар офлайн режимде өткізілді және ZOOM қосымшасы арқылы көрсетілді, бұл мүдделі тұлғаларға нақты уақыт режимінде сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында ТМРК төраға орынбасары ұсынылған тарифтер мен тарифтік сметалардың алдын ала екенін және түпкілікті шешім «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімін ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдер мен тәртіппен мұқият қарау қорытындысы бойынша қабылданатынын еске салды.