ТМРК энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі конференцияға қатысты

ТМРК энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі конференцияға қатысты

Бүгін Астанада 250 - ден астам қатысушы - мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, отандық тауар өндірушілердің, мердігер ұйымдар мен жеткізушілердің өкілдерін біріктірген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың Ұлттық жобасы: Қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» республикалық конференциясы өтті.

Іс-шараға коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды теңгерімді реттеуді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті қатысты.

Пленарлық отырысты ашқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев инфрақұрылымды жаңғыртусыз тұрақты экономикалық өсу мүмкін еместігін атап өтті. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет 2024 жылғы желтоқсанда инвестициялардың жалпы көлемі 13 трлн теңгеден асатын 5 және одан да көп жылға есептелген Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекітті.

Конференция аясында Ұлттық жобаны іске асыру жағдайындағы тарифтік саясат мәселелері бойынша Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев жеке баяндама жасады. Ол жаңа тарифтік модель инвестицияларды тарту, инфрақұрылымды жаңғырту және көрсетілетін қызметтердің сенімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, әділдік пен экономикалық негізділік қағидатына бағдарланатынын атап өтті.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті өз тарапынан тарифтік реттеуде, оның ішінде тарифтерді келісу, инвестициялық бағдарламалардың тиімділігін бағалау және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау процестерін цифрландыру шеңберінде жаңа тәсілдерді әзірлеуге және енгізуге белсенді қатысады.

Конференция барысында барлық бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге, жобаларды іске асыру кезеңдерін цифрландыруға және халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін жаңа сатып алу тетіктерін енгізуге ерекше назар аударылды.