Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2025 жылғы 8 қыркүйекпен 3 қазан аралығында ұйымдастыру-басқару қызметіндегі, сондай-ақ әзірлеушісі Комитет болып табылатын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Бұл ретте, 2025 жылғы 22-26 қыркүйек аралығында Комитет сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізеді.
Көрсетілген бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша ұсыныстар болған жағдайда, сіз 8 (7172) 74-26-74 телефоны бойынша хабарласуға немесе ұсыныстарды электрондық мекенжайға жіберуге болады: a.zholdybaeva@economy.gov.kz.