29 тамызда Павлодарда әкімдіктер, монополистер, жобалау және құрылыс ұйымдары, бизнес, банктер және БАҚ өкілдерінің қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өтті.
Себебі – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асырудың басталуы.
Қатысушыларға коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыруға және инфрақұрылымның тозуын азайтуға бағытталған ұлттық жобаның негізгі тетіктері мен тәсілдері ұсынылды.
Мемлекеттік органдар мен негізгі даму институттарының өкілдері баяндама жасады:
2026 жылдың соңына дейін Павлодар облысының коммуналдық секторын жаңғыртуға 148,2 млрд теңге тарту жоспарлануда.
2025-2029 жылдар аралығында ТКШ-ның 7 кәсіпорны жаңғыртудан өтеді, оның ішінде: «Ақсу су арнасы» КМК (Ақсу қ.)
Нәтижесінде облыстың коммуналдық инфрақұрылымының жалпы тозу дәрежесі орта есеппен 14,4% қысқаруы тиіс.
Қанат Құлназаровтың айтуынша, инфрақұрылымды жаңарту-бұл жай ғана экономикалық міндет емес, өңірдің орнықты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың кілті.
Ол атап өтті: отандық өндірушілердің қатысуы және бизнес-қоғамдастықтың белсенділігі — жобаны табысты іске асырудың маңызды шарты.