Бүгін, 2025 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі– қаржы есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның:
- электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар бөлігі бойынша;
- электрлік қуаттың дайындық күйін қамтамасыз ету және жүктемені көтеруге дайындықты орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар бөлігі бойынша бағаларының шекті бағасының өзгеруі туралы хабарламасын қарау шеңберінде жария тыңдау өткізді.
Іс-шара Комитет Электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы Гульаим Курмангалиеваның төрағалығымен өтті, ол тыңдауды ашып, қатысушыларды оны өткізу тәртібімен таныстырып, барлық мүдделі тараптар арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті. «Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты – ашықтықты, жариялылықты, ақпараттандыруды қамтамасыз ету және тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау», – деп атап өтті, ол қатысушыларды хабарлама бойынша ұсыныстар мен ескертулерді белсенді түрде айтуға шақырды.
Талқылауға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП, салалық қауымдастықтардың, БАҚ және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қызметтерге шекті бағалар жобасы бойынша «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі– қаржы есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның Бас директоры Гульжан Налибаева баяндама жасап, жоспарланып отырған тарифтердің өзгеруінің негіздемелері мен экономикалық есептеулерін ұсынды.
Жария тыңдауда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен үш сұрақ келіп түсті, оларға субъект түсіндірме жауаптар берді.
Соңында Гульаим Курмангалиева ұсынылған шекті бағалар жобасы алдын ала сипатта болатынын, ал түпкілікті шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі– қаржы есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның хабарламасын жан-жақты талдау қорытындысы бойынша қабылданатынын атап өтті.