Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Н. Н. Болатбаевтың жұмыс сапары барысында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кезекті кеңес өткізілді.
Оған мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, табиғи монополия субъектілерінің басшылары қатысты: «Aqtobe Su-Energy group»АҚ, «Алға жылу» КМК.
Кеңес барысында ұлттық жобаны іске асырудың негізгі аспектілері, оның өңір үшін маңызы, сондай-ақ жобаны жүзеге асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын қорытындысында Н. Н. Болатбаев реттелетін қызметтер бойынша тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету, тарифтік реттеу саласында заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін ескертті.
Соңында барлық қатысушыларға сұрақтар қоюға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берілді.