Реттеуші коммуналдық қызметтерді тұтынушылармен онлайн режимінде қоғамдық қабылдау өткізді

Реттеуші коммуналдық қызметтерді тұтынушылармен онлайн режимінде қоғамдық қабылдау өткізді

2025 жылғы 3 маусымда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті коммуналдық қызметтер тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізді. Ұқсас форматтағы шаралар ведомствоның аумақтық департаменттері тарапынан еліміз бойынша ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook платформасы арқылы онлайн форматта таратылып, барша қызыққан азаматтарға қосылып, өздерін толғандырған сұрақтарға жедел жауап алуға мүмкіндік берілді.

Іс-шара барысында Комитет өкілдері электрэнергия нарығындағы жағдай, тауарлық газдың бөлшек сауда бағалары, сондай-ақ су және жылумен жабдықтау салаларындағы уәкілетті органда қаралып жатқан өтініштерге қатысты өзекті мәселелерді баяндады.

Сонымен қатар, Теміржол көлігі мен порттар саласын реттеу басқармасы «Транспорттық қызмет орталығы» АҚ-ның 2023 жылғы тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау нәтижелері туралы хабарлады.

Қызмет көлемінің едәуір өсуіне байланысты уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес тарифті төмендету бағытында қайта қарауды бастады. Қарау нәтижесінде тариф вагон/км үшін 161,72 теңге мөлшерінде бекітілді, бұл бұрынғыдан 46 пайызға төмен.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау барысында бір ғана сұрақ түсті, оған жауап берілді.