ТМРК ашықтықты күшейтеді: қоғамдық бірлестіктер ТМС-тің есептерін қарауға шақырылады

ТМРК ашықтықты күшейтеді: қоғамдық бірлестіктер ТМС-тің есептерін қарауға шақырылады

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері жыл сайын табиғи монополия субъектілерінің (ТМС) бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды орындау туралы есептеріне талдау жүргізеді.

Қазіргі уақытта 2024 жылға арналған ТМС-тің есептері «Монополист базасы» веб-порталында ашық түрде жарияланған және кез келген мүдделі тарап таныса алады.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3) тармақшасына сәйкес, қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында белгіленген құқықтардан басқа, уәкілетті органның тариф жобаларын, инвестициялық бағдарламаларды, бекітілген тарифтік сметаларды орындау туралы есептерді, бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындау туралы есептерді, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуын және ТМС қызметінің тиімділік көрсеткіштерінің орындалуын қарауға қатысу құқығы берілген.

Осыған байланысты Комитет және оның аумақтық бөлімшелері қоғамдық бірлестіктерді аталған процесске белсенді қатысуға шақырады. 2024 жылға арналған ТМС есептері бойынша ұсыныстар мен ескертпелер 2025 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданады.

Қоғамның уақытылы және конструктивті қатысуы табиғи монополия субъектілерінің ашықтығы мен есептілігін арттыруға, сондай-ақ реттелетін қызметтер көрсету саласында қоғамдық бақылауды күшейтуге септігін тигізеді.