Меню
Страницы
Құжаттар
Комитет туралы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
29 марта 2022
Комитетте НАРУК өкілдерімен кездесу өтті

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде АҚШ коммуналдық кәсіпорындарды реттеу комиссиясы мүшелерінің ұлттық қауымдастығы (НАРУК) өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты консультативтік көмек көрсету үшін нақты салаларды талқылау, сондай-ақ алдыңғы және ағымдағы іс-шаралардың процесі мен нәтижелерін мониторингілеу болды.

НАРУК атынан техникалық маман Николай Николов пен консультант Жаргалан Жамбалдорж келді.

Ұлттық ассоциациядан келген қонақтарды ТМРК атынан ведомство басшысының орынбасары Нұрлан Жалғасбаев қарсы алып, АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен Орталық Азиядағы энергетиканы реттеу саласындағы әріптестік шеңберінде жасалған үлкен жұмысты атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы техникалық көмек жобалары бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді және НАРУК энергетика саласындағы одан әрі ынтымақтастық үшін әлеуетті салалар айқындалды.

11 марта 2022
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің алқа отырысы өтті

Бүгін, а.ж. 11 наурызда ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әлібек Қуантыровтың төрағалығымен ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің алқа отырысы өтті.

Комитеттің алқа отырысында табиғи монополиялар саласына қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ тарифтік ведомствоның 2022 жылға арналған міндеттер талқыланды.

ТМРК төрағасы Асан Дарбаев ведомствосының 2021 жылғы жұмыс қорытындыларымен және 2022 жылға арналған міндеттермен таныстырды.

Ол коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізді өзгеруіне қатысты атқарған жұмысы туралы хабарлады.

Бұдан әрі Асан Дарбаев Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы туралы, оның ішінде 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтерді өсуіне мораторий енгізу туралы, елдің бірқатар өңірлеріндегі кірме жолдар қызметтеріне тарифтерді төмендету туралы, сондай-ақ ТМС сатып алуды электрондық форматқа ауыстыру туралы баяндады.

Сондай-ақ, тарифтік ведомство басшысы монополист-субъектілердің тариф белгілеу процесінің ашықтығына тоқталды.

«Қазіргі таңда «Монополист» базасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұл әрине  тарифтік реттеудің барлық процесінің ашықтығына әсер етеді», - деп атап өтті Асан Дарбаев.

Сөз соңында, ТМРК басшысы ағымдағы жылы тарифтік ведомствоның алдына қойылған міндеттерді атап өтті.

Содан кейін, 2022 жылға арналған инфляция дәлізін және ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын сақтау туралы тарифтік ведомство төрағасының орынбасары Нұрлан Жалғасбаев сөз сөйледі.

Алқа барысында басқарма басшылары да сөз сөйлеп, Комитеттің аумақтық бөлімшелері рейтингінің қорытындылары, ТМРК-ның бақылау функцияларын іске асыру туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөніндегі шаралар туралы баяндалды, тіпті БАҚ-пен және жұртшылықпен жұмыс атап өтілді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық экономика министрлігінің басшысы тарифтік ведомствоның дұрыс және теңдестірілген тарифтік саясатты жетілдіру және осы үшін қойылған міндеттерді сапалы орындау жөніндегі жұмысты одан әрі қамтамасыз етуі бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

10 марта 2022
ТМРК НАРУК семинарларының кезекті сериясына қатысты

Ағымдағы жылғы 28 ақпанда, 1, 2 және 10 наурызда онлайн-форматта өткен «Энергия компанияларының реттеуші есептілік рәсімдері және есептілікті беруге қойылатын талаптар саласындағы озық тәжірибесі» тақырыбындағы төрт күндік техникалық семинар аяқталды.

Семинарды Орталық Азиядағы энергетиканы реттеу саласындағы серіктестік бағдарламасы аясында коммуналдық кәсіпорындарды реттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің ұлттық қауымдастығы (NARUC) ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты коммуналдық кәсіпорындар үшін есептілік рәсімдері бойынша жеке нұсқаулықтарды және құжаттарды (нысандар мен нұсқаулықтарды) беруге қойылатын стандартты талаптарды талқылау болды.

Аталған семинарға Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінен басқа, энергия компанияларының, Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Отын-энергетика кешенін реттеу департаментінің, АҚШ Халықаралық даму агенттігінің өкілдері, жобаның консультанттары – DNV Energy Systems, сондай-ақ NARUC қызметкерлері қатысты.

28 ақпандағы бастапқы сессияда реттеушілік есептің міндеттері, реттеушілік есептіліктің көлемі, қаржылық есептің рөлі, тарифті белгілеу және олардың реттеушілік есепке алумен байланысы талқыланды.

Күн тәртібі шеңберінде реттеушілік есепке алу қағидаттары, шығындар мен кірістерді санаттарға бөлу, бөлу процесіне шолу, қызметтің функционалдық түрлері бойынша нормативтік есептілікті бөлу және басқалары сияқты мәселелер қаралды.

Ағымдағы жылғы 10 наурыздағы қорытынды сессияда қатысушылар есептілік нысандары мен нұсқаулықтардың рөлін, олардың құрылымы мен мазмұнын, беру кестесін, аудитті, халықаралық практикадан практикалық мысалдарды талқылады.

Жалпы, семинар шеңберінде қатысушылар арасында реттеушілік есептіліктің кең ауқымды мәселелері бойынша салауатты сындарлы диалог болып өтті, онда қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, сарапшыларға қызықтыратын сұрақтар қойды.

09 марта 2022
«Астанаэнергосбыт» ЖШС-не 6 млн.теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін және тұтынушыларға қаражатты қайтару ұйғарылды

Белігілі болғандай, елордалық тұтынушылардың өтініштері негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.

Жоспардан тыс тексеру барысында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзу фактілері анықталды.

Осылайша, «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2021 жылғы қараша, желтоқсан айларында және 2022 жылғы қаңтар айында тұтынушыларға Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 64-тармағына сәйкес орташа тәуліктік есептеу бойынша көрсеткіштер қойған (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген).

Ал, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы және Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеуі коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізілетінін айтады.

Нәтижесінде, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша, 6 126 000 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, ТМРКД Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарды, онда электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері бойынша тұтынушыларға қайта есептеу жүргізу көзделген.

Алайда, «Астанаэнергосбыт» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, материалдарды Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға беру туралы өтініш жасады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы Департамент шығарған нұсқамаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, жоғары тұрған органға шағым жасалды.

01 марта 2022
ТМРК қызметкерлері кезекті қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін көктемнің алғашқы күнінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті.

Осындай қабылдаулар бүкіл Қазақстан бойынша онлайн режимінде өтті.

Қоғамдық қабылдау барысында ТМРК қызметкерлері дәстүр бойынша Мемлекет басшысының коммуналдық қызметтер нарығындағы тариф белгілеу бөлігіндегі тапсырмаларын орындау аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Жылу, газ, су, су бұру, электрмен жабдықтау және кірме жолдар сияқты салалар қозғалды.

Салалық басқармалардың басшылары тағы да еліміздің бірқатар өңірлерінде жылу, газ, кірме жолдарды ұсыну қызметтерінің төмендетілген тарифтері туралы хабарлады, сондай-ақ тұтынушыларға жылуды қалай үнемдеу керектігі туралы ұсынымдар айтылды.

Қорытындылай келе, ТМРК төрағасының орынбасары Нұрлан Жалғасбаев тұтынушылардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

01 марта 2022
Газ бен көмірдің арасында

Счет за отопление в коммунальных квитанциях за февраль будет ниже в регионах страны, где основным видом топлива при производстве тепловой энергии является газ. “КазТрансГаз Аймак” снизил снабженческую надбавку. Об этом сообщили в комитете по регулированию естественных монополий (КРЕМ) Министерства национальной экономики.

По информации ведомства, на сегодняшний день основным видом топлива в Северо-Казахстанской, Павлодарской, Карагандинской, Алматинской, Восточно-Казахстанской и Акмолинской областях является уголь. В Шымкенте, Актюбинской, Костанайской, Мангистауской, Жамбылской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Атырауской областях для выработки тепла используют мазут и природный газ. В Нур-Султане, Алматы и Туркестанской области топливом являются и уголь, и газ.

Каким образом вид топлива влияет на тариф? Газ, используемый в качестве топлива для производства теплоэнергии, согласно закону о естественных монополиях, является стратегическим товаром, и, разумеется, цена на него оказывает значительное влияние на конечный уровень тарифа коммунальных услуг.

Итак, тариф на теплоснабжение для населения снизится лишь в семи регионах страны. За февраль и март - в Атырау (на 2,36 процента), Таразе (на 0,45), Костанае (на 2,9), Кызылорде (на 0,87), Шымкенте (на 0,22 процента). Потребители этих городов ощутят разницу в сравнении с предыдущими уже в мартовских квитанциях - за прошедший февраль. Между тем за март снижение тарифов на теплоснабжение ожидается в Уральске (на 0,76 процента) и в Туркестане (на 0,84 процента). Жители этих городов увидят иные цифры в апрельских квитанциях.

Жители других регионов, а также обеих столиц будут платить, как и прежде. Тут главное следить за тем, чтобы монополисты не завышали цены.

Напомним, по поручению главы государства Касым-Жомарта ТОКАЕВА с января на полгода введен мораторий на повышение тарифов на регулируемые коммунальные услуги для населения. То есть все 103 субъекта естественной монополии были вынуждены оставить тарифы на уровне декабря 2021 года. В КРЕМ подсчитали: за этот срок - 180 дней - население сэкономит более 3 млрд тенге. А именно: на теплоснабжении экономия выйдет в 1442 млн тенге, на электроснабжении - 839,7 млн тенге, на водоснабжении - 367,6 млн тенге, на водоотведении - 224,6 млн тенге, на газоснабжении - 318,7 млн тенге.

Между тем немало жителей самого крупного города страны, получив в феврале квитанции за январь, возмутились: а как же мораторий? Например, алматинцу Айбару ОЛЖАЕВУ только за отопление начислили 27 тысяч тенге.

- Выставленная квитанция вызвала эффект разорвавшейся бомбы в чате жителей. Оплата за услуги выросла в два раза. И это только в одном ЖК шквал критики и ярости. Представляю, что в целом творится по городу, - поделился он. - Все из-за тарифов отопления монополиста ТОО “Алматинские тепловые сети”.

Однако в компании отвергают претензии, утверждая: повышения тарифа не было. Вот как тепловики объяснили сумму в квитанции Олжаева: “В текущем отопительном сезоне действует тариф прошлого года. Судя по квитанции, в вашем доме нет общедомового прибора учета тепловой энергии. Если же в доме отсутствуют счетчик или его сняли на поверку, то ежемесячная плата за отопление начисляется исходя из утвержденных антимонопольным ведомством плат: октябрь - 32,93 тг/м2, ноябрь - 152,05 тг/м2, декабрь - 206,76 тг/м2, январь - 228,48тг/м2, февраль - 192,49 тг/м2, март - 154,40 тг/м2, апрель - 7,45 тг/м2”.

Почему цены каждый месяц разные? Все очень просто: плата за тепловую энергию меняется в зависимости от погодных условий. Чем ниже температура наружного воздуха, тем больше выработка и потребление тепловой энергии и, следовательно, выше плата за услуги теплоснабжения. Получается, самый холодный и вместе с тем самый дорогой месяц - январь, самый теплый и дешевый - апрель.

А кто виноват в том, что счетчика нет или он оказался на поверке в самое дорогое для расчета тарифа время - в январе? Напомним и это: контроль за работой общедомового прибора учета тепла, его ремонт и обслуживание в многоэтажках осуществляет балансодержатель, то есть КСК или ОСИ. Бывают и такие случаи, когда счетчики находятся на балансе застройщика или его аффилированной управляющей компании.

КРЕМ в свою очередь подтверждает: тариф на услуги теплоснабжения для потребителей, не имеющих приборы учета, выше, чем у потребителей, имеющих приборы учета.

- На сегодня оснащенность общедомовыми приборами учета тепловой энергии в столице и городах республиканского и областного значения варьируется от 27,3 до 100 процентов. К примеру, в Нур-Султане эта цифра составляет 99,4 процента, в Алматы - 97 процентов, - уточнили в ведомстве.

Для сведения

На поверку - это вас?

Согласно закону “Об обеспечении единства измерения”, приборы учета тепла подвергаются поверке один раз в 4-5 лет в зависимости от типа прибора учета тепла (ПУТ). Осуществляется эта поверка метрологической госслужбой и метрологическими службами юрлиц, аккредитованных на данный вид деятельности.

По данным АО “Астана Теплотранзит”, в столице в прошлом году необходимо было провести поверку 1516 общедомовых ПУТ, установленных в жилых домах. При этом 247 счетчиков ее не прошли. Следовательно, теплосети стали начислять не по фактическому объему потребления, а по установленным помесячно платам за “квадраты” квартиры.

По данным ТОО “Алматинские тепловые сети”, в мегаполисе в прошлом году потребовалось проведение поверки 332 общедомовых ПУТ, из них 164 счетчика не прошли поверку.

Тарифный регулятор предупреждает: в 2022 году необходимо провести поверку 1048 ПУТ, установленных в жилых домах столицы, и 2610 счетчиков в Алматы. Со списком многоэтажек, которым необходимо провести поверку и в которых эти сроки уже истекли, можно ознакомиться на сайте КРЕМ.

Екатерина ТИХОНОВА, фото Олега СПИВАКА, Алматы

Дереккөз: https://time.kz/articles/territory/2022/02/28/mezhdu-gazom-i-uglyom 

24 февраля 2022
Асан Дарбаев Сенаттың дөңгелек үстеліне арналған отырысқа қатысты

Бүгін  2022 жылғы 24 ақпанда ҚР Парламенттің жоғарғы палатасының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті салалық мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Парламент Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Зекенұлы Әділбеков төрағалық етті.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру шеңберінде электр энергетикасы нарығын дамытуға, оның ішінде үрдістерге, проблемаларға және оларды шешу тәсілдеріне арналды.

Дөңгелек үстел барысында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев  баяндама жасады.

ТМРК басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне енгізілген мораторий туралы еске сала отырып, сондай-ақ электр энергиясы бағасының құрылымы және осы нарықта қанша субъектілер қызметін жүзеге асыратыны және кімнің қызметі тарифтік ведомствомен реттелетіні туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Асан Дарбаев электр энергетикасы саласына байланысты проблемалық мәселелерді, оның ішінде табиғи монополиялар салаларында техникалық реттеудің жоқтығы, сондай-ақ коммуналдық желілерді сенімгерлік басқаруға немесе субъектінің теңгерімін беру сияқты проблемаларды атап өтті.

«Коммуналдық қызметтерге арналған  тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермей, коммуналдық желілер мен объектілерді теңгерімге немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет» - деп атап өтті Асан Дарбаев.

Тарифтік ведомство басшысы қортындылай келе, ТМРК салалық орган және энергетикалық сектор қауымдастықтарымен бірлесіп электр энергиясын беру және жабдықтау саласындағы ағымдағы мәселелерді шешу бойынша мәселелер пысықталып жатқанын хабарлады.

24 февраля 2022
Еліміздің бірқатар өңірлерінде жылуға тарифтер төмендетілді

Бүгінгі күні жылу энергиясын өндіру кезінде 6 өңірде (Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында) отынның негізгі түрі көмір болып табылады, 8 өңірде (Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында) мазут және табиғи газ, 3 өңірде (Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Түркістан облысында) көмір және газ.

Бұрын хабарлағандай, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ - ның жабдықтау үстемесінің деңгейін төмендету бөлігінде атқарылған жұмыс нәтижесінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып,  көп өңірлерде тұтынушылар үшін тауарлық газдың түпкілікті шекті бағаларын 0,34% –дан 38,96%- ға дейін төмендетуге қол жеткізді.

Сонымен, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын газ стратегиялық тауар болып табылады.

Стратегиялық тауарлар бағасының деңгейі коммуналдық қызметтерге арналған  тарифтің түпкілікті деңгейіне айтарлықтай әсер ететіндігін айта кету қажет.

Осылайша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ- тауарлық газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтеріне арналған  шекті бағалардың өзгеруін ескере отырып, жылу энергиясына тариф деңгейлері төмендеді:

2022 жылғы ақпан айынан бастап:

- Атырау қ. – 2,36%-ға;

- Тараз қ. – 0,45%-ға;

- Қостанай қ. – 2,90%-ға;

- Қызылорда қ. – 0,87%-ға;

- Шымкент қ. – 0,22%-ға;

2022 жылғы наурыз айынан бастап:

- Орал қ. – 0,76%-ға;

- Түркістан қ. – 0,84%-ға.    

Бұл ретте, елдің жекелеген өңірлерінде тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің төмендеуі жылу энергиясының өзіндік құнына әсер еткен жоқ.

          

23 февраля 2022
Тұтынушылар жылуды қалай үнемдейді?

ТМРК жыл сайын жылыту кезеңінде ел тұрғындарын  жылытуды үнемдеу бөлігінде, және ағымдағы жылыту кезеңінде де нұсқама беріледі.

Осыған байланысты, тұтынушыларды өз қаражатын үнемдеу мақсатында үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға шақыруды жалғастыруда.

Жылыту ақысын қалай үнемдеу керектігін жақсы түсіну үшін жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлем мөлшерін есептеу тетігі туралы көбірек білу қажет.

Жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет үшін төлемақы мөлшерін есептеу тетігі табиғи монополиялар туралы заңнамада айқындалған.

Осы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектісі тарифтік реттеуші бекіткен тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.

Ең маңызды аспект жылумен жабдықтау қызметіне арналған тариф тұтынушының есепке алу аспабының болуына немесе болмауына байланысты сараланады. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы болған кезде жылу үшін ақы төлеу мөлшері ай сайынғы көрсеткіш пен бекітілген тариф негізге алына отырып айқындалады.

Ал, үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған жағдайда жылуға ақы төлеу мөлшері жергілікті атқарушы орган бекітетін есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне арналған тұтыну нормасына және тарифтік реттеуші бекіткен тарифке сүйене отырып, есептеу жолымен айқындалады. Бұл ретте, мұнда жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тариф қолданылады.

Сонымен қатар, ТМРК есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне арналған тариф есепке алу  аспаптары бар тұтынушыларға қарағанда жоғары екенін атап өтті.

Бүгінгі күні астанада және республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жылу энергиясын үйге ортақ есепке  алу аспаптарымен жарақтандырылуы 27,3%-дан 100%-ға дейін (мысалы, Нұр – Сұлтан қаласында («Астана-Теплотранзит» АҚ) - 99,4%, Алматы қаласында («Алматы жылу желілері» ЖШС) - 97%).

Сондай-ақ, жылу энергиясын есепке алу үшін үлгілері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, өлшем құралдарын бастапқы немесе кезеңдік салыстырып тексеру құралы құжаттары бар коммерциялық есепке алу аспаптары пайдаланылады (Жылу энергиясын пайдалану қағидалары). Жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету және салыстырып тексеру теңгерімдік тиесілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары мемлекеттік метрологиялық қызметпен, сондай-ақ осы қызмет түріне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен есепке алу аспабының түріне байланысты 4-5 жылда 1 рет жүзеге асырылатын салыстырып тексеруге жатады.

2021 жылы «Астана Теплотранзит» АҚ-ның  деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйлерде орнатылған 1516 үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілді, алайда 247 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеді және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды. Ал «Алматы жылу желілері» ЖШС-ның деректері бойынша Алматыда 332 үйге ортақ  жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілді, алайда 164 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеді және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды.

Осыған байланысты, есепке алу аспаптарын тексеру мерзімдері өткен тұрғын үйлерде қазіргі уақытта ақы төлеу тұтынудың бекітілген нормасы бойынша жүргізіледі (жергілікті атқарушы органдар бекітеді), бұл үйге ортақ есепке алу аспаптарының ай сайынғы көрсеткіштері негізге алына отырып жүргізілген төлеммен салыстырғанда жоғары.

Сондай-ақ, 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үйлерінде орнатылған тағы 1048 жылуды есепке алу аспаптарын және Алматы қаласындағы 2610 жылуды есепке алу  аспаптарын тексеру қажет екенін хабарлағым келеді.

2021 жылы жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеру мерзімдері өткен тұрғын үйлердің тізімі  және 2022 жылы жылу энергиясын есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізу қажет тұрғын үйлердің тізімімен төменде көрсетілген сайттардан танысуға болады:

  1. Нұр-Сұлтан қ.: www.a-tranzit.kz
  1. Алматы қ.: www.gov.kz/memleket/entities/krem/activities/directions?lang=ru
  1. Шымкент қ.: www.kzho.kz
  1. Алматы облысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/269461?lang=ru
  1. Ақмола облысы: https://kzinfo.kz/content/ustanovka-priborov-ucheta
  1. Ақтөбе облысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/270866?lang=ru

https://www.aqtobesuenergy.kz

  1. Атырау облысы: www.ahps.kz
  1. Шығыс Қазақстан облысы: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/270893?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/270896?lang=ru

  1. Батыс Қазақстан облысы:

http://jte.kz/fileadmin/user_upload/docx/SBYT/Schetchiki/Doma_dlja_poverki_2022.xlsx

https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-burlin/press/news/details/328633?lang=ru

  1. Жамбыл облысы: https://taraztransenergo.kz/pu
  1. Қарағанды облысы:

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/documents/details/270910?lang=ru

https://abayteplo.kz

  1. Қостанай облысы:

https://jtek.kz

https://rudteploset.kz

https://lgke.kz/index.php/o-predpriyatii

  1. Қызылорда облысы:ktez.kz
  2. Манғыстау облысы: www.gov.kz/memleket/entities/krem/activities/directions?lang=ru
  1. Павлодар облысы: https://pavlodarenergo.kz
  1. Солтүстік Қазақстан облысы: www.gov.kz/memleket/entities/krem/activities/directions?lang=ru17
  1. Түркістан облысы: www.gov.kz/memleket/entities/krem/activities/directions?lang=ru

Ескерт.: қазіргі уақытта Түркістан облысы ТМС ЖЕАҚ бойынша ақпаратты ТМРК сайтында орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, ТМРК тұтынушылардың назарына Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасы не көппәтерлі тұрғын үй басқарушысы немесе басқарушы компания (ПИК) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу  аспаптарына уақтылы тексеру жүргізуді қамтамасыз ететіндігін жеткізеді.

Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу  аспаптарымен жылу энергиясын есептеу салқындатқыштың температурасына байланысты анықталады, сондықтан ауа-райына байланысты жылумен жабдықтау параметрлерінің өзгеруіне байланысты жылу энергиясын біркелкі тұтыну мүмкін емес.

Осылайша, жылу энергиясы үшін ақы төлеу ай сайын ауа-райына байланысты өзгереді, сыртқы ауа температурасы неғұрлым төмен болса, жылу энергиясын тұтыну көлемі соғұрлым жоғары болады, демек, жылумен жабдықтау қызметтеріне төлем жоғары болады.

Енді қалай үнемдеуге болады деген сұрақ туындайды?

  1. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату.

Тұтынушы үшін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарының  болуы тиімді, себебі жылумен жабдықтау қызметтерін үнемдеуге мүмкіндік береді.

  1. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына уақытылы тексеру жүргізу.

Тұтынушылар ПИК немесе МИБ бірлесіп есепке алу аспаптарын тексеруді уақтылы жүргізуі қажет, себебі тексеру мерзімі өткен жағдайда жылу үшін төлем бекітілген тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі, бұл үйге ортақ  есепке алу аспаптарын ай сайынғы көрсеткіштері негізінде жүргізілген төлеммен салыстырғанда жоғары.

  1. Жылу энергиясын тұтынуды реттеу.

Тұтынушылар тұрғын үйлердегі терезелерді ашқан кезде жылудың ауаға «ұшып кетуіне» жол бермеуі керек.

Жылу энергиясын тұтынуды үнемдеу үшін ТМРК тұрғын үйдің жауапты тұлғасына жылу энергиясын тұтынуды сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты және температура кестесіне сәйкес реттеуді ұсынады, атап айтқанда температура көтерілген (+) жағдайда жылу энергиясын тұтынуды азайту, ал төмендеген (-) жағдайда жылу энергиясын тұтынуды арттыруға ұсынады.

Аталған шаралар жылыту кезінде сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты тұрғын үйдің тым жылытуына жол бермеуге және жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеуге тұтынушылардың қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда баяндалғандардың барлығын ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін  монополист-субъектілерді, сондай-ақ қызмет көрсетуші ұйымдарды (ПИК, МИБ, БК және т.б.) халықпен жылу энергиясын ұтымды пайдалану, жылу үшін ақы  төлеуді есептеу бойынша белсенді диалог жүргізуге және есепке алу аспаптарының болуының ұсынылатын қызметтер құнына әсерін жүргізуге шақырамыз.

17 февраля 2022
«Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Астана – АЭК» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындалды

Елорда тұтынушыларының бірқатар шағымдары негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Астана – АЭК» АҚ-на қатысты ағымдағы жылғы түбіртектерде көрсетілген электр энергиясы үшін төлем сомаларын есептеудің негізділігі бөлігінде жоспардан тыс тексеру тағайындады.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті табиғи монополиялар саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылатындығын атап өту қажет.

Осыған байланысты, табиғи монополиялар субъектілерінің іс-әрекеттерімен келіспеген жағдайда, атап айтқанда коммуналдық қызметтер бойынша төлем сомалары жоғары түбіртек келіп түскен кезде, елорданың әрбір тұрғыны ТМРКД-ның атына: Нұр-Сұлтан қаласы, Петров көшесі, 5 мекенжайы бойынша немесе k.kense@economy.gov.kz. e-mail өтініш беруге құқылы.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы