Меню
Страницы
Құжаттар
Комитет туралы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
ҚР-да коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары қалай қорғалған?
22 декабря 2021

ҚР-да техникалық шарттарды алу. 2021

Бүгінгі таңда Қазақстанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары қолданылады, мұнда коммуналдық қызметтерді тұтынушыларға техникалық шарттарды беру тәртібі көзделген. Техникалық шарттар (ТШ) деп реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тұтынушылардың тең қол жеткізуі мақсатында электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық талаптар ұғынылады.    

Техникалық шарттарды* алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Мемлекеттік корпорацияға немесе табиғи монополия субъектілерінің (ТМС) кеңсесіне жүгінуге болады. Жүгінген кезде өтінім нысан бойынша толтырылады және қағидаларда көрсетілген тізім бойынша тиісті құжаттар қоса беріледі: 

Өтінішті қарау қорытындылары бойынша ТМС төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды: 

1) техникалық шарттарды береді;

2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.

*құрылыс объектілерін ТМС желілеріне қосуға ТШ беруді қоспағанда

Айта кету керек: Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменттері (ТМРК) тұтынушыларды келесілер туралы ақпараттандыру мақсатында ТМС ресми сайттарында ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыстардың талдауын жүйелі түрде жүргізіп отырады: 

  • бос және қол жетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, табиғи монополия субъектісі желілерінің өткізу қабілетінің резерві, бар-жоғы туралы ақпарат;
  • реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемалары;
  • бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы (ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда).

Реттелетін қызметтерді ұсыну бойынша ТМС-тың, оның ішінде меншікті интернет-ресурсы жоқ субъектілердің қызметі туралы қосымша ақпарат жалпыға қол жетімді ҚР ҰЭМ ТМРК сайтында орналастырылған.

Назар аударайық: реттелетін қызметке қол жетімділікті ұсынған кезде ТМС бірқатар шектеулерді сақтауы тиіс.  ТМС тарапынан сол заңмен көзделген шектеулерді сақтамауы тұтынушылар құқықтарының және олардың заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.  

Табиғи монополияларды реттеу комитеті бұзылған құқықтарды қорғау мақсатында әрекет ету шараларын қабылдайды. Жоғарыда аты аталған нормалардың бұзылуы туындаған жағдайда, тұтынушы растайтын құжаттарды қоса беру арқылы ҚР ҰЭМ ТМРК өңірлік департаменттеріне жүгінуге құқылы.

Дереккөз: http://ranking.kz/ru/a/infopovody/kak-v-rk-zashisheny-prava-potrebitelej-kommunalnyh-uslug 

Аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үй көмегі: не, қайда, қашан және қалай алуға болады?
06 декабря 2021

Мемлекеттік тұрғын үй көмегі. Орташа мөлшері, отбасы саны, алу мүмкіндігі.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасау үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді көздейді. 

2020 жылы 1,059 млрд тг сомасында 37,4 мың отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді (минус 31,4%). Ай сайынғы тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2363 тг құрады – 2019 жылмен салыстырғанда 6,2% аз. Тұрғын үй көмегін алушылардың ең көп саны Қызылорда (4750 отбасы), Жамбыл (4676 отбасы) және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген.  

Естеріңізге сала кетейік: тұрғын үй көмегі:  

  • жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын отбасыларға немесе мемлекеттік тұрғын үй қорында тұрғынжайларды жалға алушы болып табылатындарға тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған шығыстарды;
  • меншік иелері болып табылатын немесе тұрғын үйді жалға алатын отбасыларға коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
  • жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. 

Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Оны көрсету мөлшері  мен тәртібі ЖАО-мен айқындалады. 

Аталмыш көмекті коммуналдық көрсетілетін қызметтерге және тұрғын үйді күтіп-ұстау үшін төлемге осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстары жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнен асып кеткен азаматтар ала алады. 

Отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі өңірлер бөлінісінде бір тоқсан ішіндегі отбасының орташа айлық жиынтық табысынан 5% бастап 20% дейінгі аралықта құбылады. Отбасының табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептеледі. 

ҚР-да тұрғын үй көмегі бір тоқсанға беріледі және талаптарға сәйкес келген жағдайда, оған тоқсан сайын жүгіну керек. Әсіресе тұрғын үй көмегін алу мәселесі қазіргі таңда, яғни, жылыту маусымы кезінде өзекті болады, өйткені, коммуналдық қызметтер үшін түбіртектегі сома жылумен қамтамасыз етуді төлеу есебінен ұлғая түседі.

Төменде астанада бір бөлмелі пәтерде тұратын жалғыз зейнеткер үшін тұрғын үй көмегінің үлгі ретінде мысалы келтірілген. 

Нақтылай кетейік: тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде, Нұр-Сұлтанда тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға 18 шаршы м құрайды, ал жалғыз тұратын аз қамтылған азаматттар үшін тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға 30 шаршы м құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес.

Астанада электр энергиясын тұтыну нормативтері 1-3 адамнан құралған бір отбасына 150 кВт және 4 және одан да көп адамнан құралған отбасына 200 кВт құрайды.

Астанада коммуналдық қызметтерге төлем жасау үшін отбасы табысының шекті жол берілетін деңгейі – табыстан 5% артық емес. Осының ескерілуімен, мысалда нақты жағдайда тұрғын үй көмегі қалай есептелетіні көрнекі түрде көрсетілген.   

Естеріңізге сала кетейік: көмек алу үшін өтінішті ХҚКО-ға немесе онлайн «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін алу түрінде өтініш беруге болады. 

Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы нысан бойынша мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:  

  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
  • аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжат (тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды);  
  • зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
  • жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
  • балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
  • банктік шоты;
  • кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің күрделі жөндеуі;
  • коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
  • телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
  • жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Тұрғын үй көмегін онлайн алу үшін мыналар қажет: 

  • қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;
  • отбасының табысын растайтын электрондық құжаттың көшірмесі;
  • жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
  • балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
  • банктік шоттың электрондық көшірмесі;
  • тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) ұстауға жұмсалатын ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшоттың электрондық нұсқасы;
  • коммуналдық қызметтерді тұтынуға шоттың электрондық көшірмесі;
  • телекоммуникация қызметіне берілген түбіртектер-есепшоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметін көрсетуге арналған шарт көшірмесі;
  • жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорында жалға алған тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемінің көлемі туралы жергілікті атқарушы орган ұсынған есепшоттың электронды көшірмесі.  

Дереккөз: http://ranking.kz/ru/a/infopovody/zhilishnaya-pomosh-dlya-maloobespechennyh-chto-gde-kogda-i-kak-poluchit 

Қазақстанда қанша «виртуалды суды» тұтынады? ҚР-дың «су жолы» АҚШ-қа қарағанда қысқа, бірақ Канадаға қарағанда, ұзынырақ
22 ноября 2021

Халыққа берілген судың мөлшері. Бір тұрғынға шаққандағы судың берілуі. 2020

 

2020 жылы сумен қамтамасыз ету кәсіпорындары желіге 2,4 млрд куб. м су берді – бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда, 3,1% көбірек. Судың төрттен бір бөлігі тазарту құрылыстары арқылы өткізілді.  

Тұтынушыларға берілген судың мөлшері 1,2 млрд куб. м құрады – бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 3,8% көбірек. Оның ішінде, халыққа берілген судың мөлшері 47,6% немесе 573,7 млн куб. м берілді, бір жыл ішінде бірден плюс 7%. 

Ең көп судың мөлшері Алматы (76,3 млн куб. м, бір жылда плюс 5%), Шымкент (55,1 млн куб. м, жылына бірден плюс 11,9%) және Қарағанды облысының (54,2 млн куб. м жылына плюс 1,5%) тұрғындарына берілді.

Жалпы ел бойынша бір тұрғынға шаққандағы орта тәуліктік су беру мөлшері 83,8 литрді құрады – өткен жылға қарағанеда 5,7% көбірек.  

Ең үлкен мөлшерлер (бір тәулікте бір тұрғынға 174,3 литр), Шымкентте (142,9 литр) және Нұр-Сұлтан (127,7 литр) байқалады. 

Ең төмен көрсеткіш Түркістан (47,2 литр), Алматы (51,4 литр) және Жамбыл (52,2 литр) облыстарында тіркелген.

Су беру процесі – күрделі әрі көпсатылы. ҚР-да оның үлгісі келесідей:  сумен қамтамасыз ету саласындағы ұйымдар суды сатып алады және сорғы станцияларының көмегімен магистральды құбырлар арқылы оны тазарту құрылыстарына дейін жеткізеді, мұнда ауызсу күйіне дейінгі суды сүзгілеу және тазалау процесі жүреді. Бұдан кейін ауызсу тарату желілері арқылы тұтынушыларға беріледі. 

Жылдың басында ҚР-да суцмен қамтамасыз ету секторында 865 кәсіпорны мен олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер жұмыс істеді; 3,79 мың су өткізгіш құрылыс жұмыс істеді (жылына +16,3%), олардың арасында 3,28 мың (жылына +20,3%) су жинау құрылысы және 381 (+7%) су тазарту құрылыстары.

ҚР халқы үшін сумен қамтамасыз ету құны бір жылдың ішінде қатты өзгерген жоқ. Сөйтіп, суық судың бағасы он айдың қорытындысы бойынша, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда,  3,5%, ал ыстық су – небәрі 1,4% ғана қымбаттады.   

Анықтама үшін: 2020 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша суық су бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, 2,7%, ыстық су – 1,7% арзандады.

Атап өту керек: Қазақстанда әлем бойынша ең елеулі «су жолдарының» бірі. «Су жолы» түрлі деңгейдегі сумен пайдалану дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді – тікелей, сол сияқты «виртуалды». «Виртуалды су» - бұл адамдар күнделікті сатып алатын және пайдаланатын азық-түлікте, қызметтер мен процестерде жасырылған су. «Виртуалды су» өнім немесе көрсетілетін қызметтің тұтынушысы үшін көзге көрінбейтін болса да, ол құнды қалыптастырудың бүкіл тізбегінде қолданылады және сол өнімдер мен көрсетілетін қыз меттің өндірілуіне жол береді.  

Қазақстанда «су жолы» орта есеппен күніне бір адамға 1,72 мың галлонды* (немесе 6,5 мың литрді) құрайды. Салыстыру үшін: АҚШ-та «су жолы» күніне бір адамға 2,2 мың галлонды, Канадада – небәрі 1,69 галлон, Ресейде – 1,34 мың, Қытай – небәрі 775 мыңды құрайды. 

Сөйтіп, тіпті, әлемнің дамыған елдерімен салыстырғанның өзінде, «виртуалды суды» қоса алғанда, ҚР-да суды тұтыну жоғары деп саналады.  

  • Америкалық галлон ≈ 3,785 литр.

Қазақстандықтар суды үнемдеу туралы сирек ойланады. Бұған, өзге себептердің арасында, елдегі сумен қамтамасыз етудің төмен бағасы да себепкер. Сөйтіп, Еуропаның ірі қалаларымен салыстырғанда, сондай-ақ ресейлік қалаларды да қоса алғанда, ҚР-дағы құбырлық суық судың бағасы бірнеше мәрте төмен.   

Waternewseurope.com деректері бойынша, Еуропадағы ең қымбат қалалар — Осло (Норвегия), Штутгарт (Германия) және Копенгаген (Дания). Бұл жерлерде құбырлық судың кубометрінің құны 4-5 еуро. 

Салыстыру үшін: Нұр-Сұлтанда суық судың бір кубометрі 0,1 тұрады, Алматыда – 0,96 еуро. Тіпті Санкт-Петербургте сумен қамтамасыз етудің құны төрт есе (0,36 еуро), ал Мәскеуде шамамен бес есе (0,45 еуро) жоғары. Орта есеппен, Ресейде суық сумен қамтамасыз ету үшін бағалар, ҚР-ға қарағанда, үш есе жоғары. Айта кету керек, орта есеппен РФ-тегі жалақы қазақстандық жалақыдан тек үштен бір бөлігіне ғана жоғары.     

ҚР мен РФ бойынша деректер ҚР СЖжРА ҰСБ және Росстаттан алынған; бұл ағымдағы жылдың наурыз айындағы деректері, өйткені еуропалық рейтинг, негізінен, ағымдағы жылдың қысқы/көктемгі бағаларын есепке алады.

Discoverwater деректері бойынша, тек түрлі ағып кету мен құбырлармен туындайтын түрлі проблемалар салдарынан күн сайын 2,95 млрд литр су босқа ағып кетеді. 


Айтарлықтай қарапайым ұсыныстар бар, соларды сақтай отырып, әр үйде судың шығынын едәуір қысқартуға болады. 

Дереккөз: http://ranking.kz/ru/a/infopovody/skolko-virtualnoj-vody-potreblyayut-v-kazahstane-vodnyj-sled-rk-koroche-chem-u-ssha-no-dlinnee-chem-u-kanady 

Халық үшін электр энергиясының қолжетімділігі бойынша Еуропа елдерінің рейтингісінде Қазақстан ең төмен тарифтері бар ел ретінде көш бастап тұр
05 ноября 2021

Сонымен қатар, ҚР орташа айлыққа қолжетімді электр энергиясының мөлшері бойынша ең үздік он елдің қатарында

«РИА Рейтинг» сарапшылары ағымдағы жылы ұсынған халық үшін электр энергиясының қолжетімділігі бойынша Еуропа елдерінің рейтингісінде Қазақстан өңірде электр энергиясының ең төмен құны бар ел ретінде көш бастап тұр (зерттеуші-елдің валютасында – небәрі 2,3 руб кВт·сағ). Бағасы төмен ТОП-3 елдердің қатарына сондай-ақ Ресей (3,6 руб кВт·сағ) және Украина (4,5 руб кВт·сағ) енді.   

Бұдан да маңыздысы, Қазақстан, Ресей секілді, халық үшін электр энергиясының бағасы бойынша қолжетімділігі жағынан ең үздік он елдің қатарына енді. Сөйтіп, ҚР-да орташа айлық жалақыға 13,99 мың кВт·сағ сатып алуға болады – бұл рейтингтегі 8-ші орын. Ресей аталмыш ТОП-10 елдер рейтингісін аяқтап тұр, мұндағы көрсеткіш ОАЖ-ға 13,44 мың кВт·сағ, ал Украина, электр энергиясының арзандығына қарамастан, жалақының төмен болуына байланысты небәрі 28-ші орынды иеленді (6,61 мың кВт·сағ). Рейтиінгіде көш бастап тұрған елдер – Исландия мен Норвегия, ең соңғысы – Молдова.

Айта кету керек, Исландия мен Норвегия бір адамға шаққандағы электр энергиясын тұтыну бойынша елдер рейтингісінде де көш бастап тұр: 2019 жылы – жан басына шаққандағы 52,5 мың және 23,8 мың кВт·сағ, сәйкесінше, Халықаралық энергетикалық агенттік деректері бойынша (International Energy Agency, IEA).

Қазақстан, жан басына шаққандағы 5,2 мың кВт·сағ  көрсеткішімен 143 елдің ішінен 41-ші орын5а жай5асты.  ОА және ЕАЭО елдерінің арасындағы бұл рейтингте ҚР тек Ресейге ғана орын беріп (жан басын шақққандағы 7 мың кВт·сағ), басқа мемлекеттерден ілгері тұр. Сөйтіп, Беларусь небәрі 60-шы орынды иеленді, Украина – 67-ші, Әзірбайжан – 80-ші, Молдова – 81-ші, Армения – 82-ші, Қырғызстан – 84-ші, Өзбекстан – 87-ші, Тәжікстан – 90-шы орын. 

Мәлімет үшін: «энергия сыйымды» Қытай да Қазақстаннан кейін тұр, рейтингте 43-ші орын.   Болжамдалғандай, африкалық мемлекеттер аутсайдер атанды – Оңтүстік Судан, Нигерия және Нигер.   

Одан басқа, сол IEA деректері бойынша, халыққа электр энергиясының қолжетімділік деңгейі бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан тұрғындардың электр желілеріне 100%-дық қолжетімділігімен көшбасшы-елдер шоғырына кіреді. Сонымен бірге, 2018 жылы мониторингке енген 204 мемлекеттің арасында толық қамтудың абсолюттік деңгейін тек жартысынан көбісі ғана көрсетті. ОА және ЕАЭО елдері арасында,  толық емес қамту, мысалы, Тәжікстанда байқалады (99,3%). Ең нашар көрсеткіштер – Буркина-Фасо, Чад және Бурунди елдерінде: мұнда электр энергиясына қолжетімділік халықтың небәрі 15%-да ғана бар.

Айта кету керек, Исландия мен Норвегия бір адамға шаққандағы электр энергиясын тұтыну бойынша елдер рейтингісінде де көш бастап тұр: 2019 жылы – жан басына шаққандағы 52,5 мың және 23,8 мың кВт·сағ, сәйкесінше, Халықаралық энергетикалық агенттік деректері бойынша (International Energy Agency, IEA).

Қазақстан, жан басына шаққандағы 5,2 мың кВт·сағ  көрсеткішімен 143 елдің ішінен 41-ші орын5а жай5асты.  ОА және ЕАЭО елдерінің арасындағы бұл рейтингте ҚР тек Ресейге ғана орын беріп (жан басын шақққандағы 7 мың кВт·сағ), басқа мемлекеттерден ілгері тұр. Сөйтіп, Беларусь небәрі 60-шы орынды иеленді, Украина – 67-ші, Әзірбайжан – 80-ші, Молдова – 81-ші, Армения – 82-ші, Қырғызстан – 84-ші, Өзбекстан – 87-ші, Тәжікстан – 90-шы орын. 

Мәлімет үшін: «энергия сыйымды» Қытай да Қазақстаннан кейін тұр, рейтингте 43-ші орын.   Болжамдалғандай, африкалық мемлекеттер аутсайдер атанды – Оңтүстік Судан, Нигерия және Нигер.   

Одан басқа, сол IEA деректері бойынша, халыққа электр энергиясының қолжетімділік деңгейі бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан тұрғындардың электр желілеріне 100%-дық қолжетімділігімен көшбасшы-елдер шоғырына кіреді. Сонымен бірге, 2018 жылы мониторингке енген 204 мемлекеттің арасында толық қамтудың абсолюттік деңгейін тек жартысынан көбісі ғана көрсетті. ОА және ЕАЭО елдері арасында,  толық емес қамту, мысалы, Тәжікстанда байқалады (99,3%). Ең нашар көрсеткіштер – Буркина-Фасо, Чад және Бурунди елдерінде: мұнда электр энергиясына қолжетімділік халықтың небәрі 15%-да ғана бар.

Ағымдағы жылдың үш тоқсаны ішінде ҚР-дағы электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт·сағ  жетті – бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,7% көбірек. Тұтыну 7%-ға, 82,9 млрд кВт·сағ  дейін өсті. Салыстыру үшін: өткен жылдың ұқсас кезеңінде электр энергиясының өндірісі 77,6 млрд кВт·сағ, тұтыну – 77,4 млрд кВт·сағ құрады.  2020 жылдың барлық кезеңі үшін өндіріс 107,9 млрд кВт·сағ, тұтыну – 107,1 млрд кВт·сағ құрады.   

Халық үшін электр энергиясының бағаларына қатысты айтар болсақ, сол тоғыз айдың қорытындысы бойынша, көрсеткіш, 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айымен салыстырғанда, ҚР бойынша орта есеппен 6,2%-ға өсті. Анықтама үшін: бұған дейін, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде, сектордағы жылдық бағалардың өсімі 3,2% құрады, ал 2019 жылы бірден 6,8%-ға төмендеу байқалды.

Тұтынушылар үшін электр энергиясына ақырғы баға құрылымында 55% энергия өндіретін ұйымдарға тиесілі, бұл ұйымдарға дәстүрлі электр станциялары немесе ЖЭК объектілері де жатады. Олардың қызметін, оның ішінде, электр станцияларына тарифтерді бекіту арқылы, ҚР ЭМ бақылайды.  

Тағы 45%-ды «KEGOC» АҚ (6%), өңірлік электр желілік компаниялар (34%) және энергиямен жабдықтайтын ұйымдар (5%) қамтиды. Бұл сегменттегі компаниялардың қызметін ҚР ҰЭМ ТМРК реттейді – табиғи монополиялар субъектілері (ТМС) үшін тарифтерді бекітеді, сондай-ақ энергиямен жабдықтайтын ұйымдар үшін бағаны реттеу қызметін жүзеге асырады.

Естеріңізге сала кетейік: 2025 жылға дейін электр энергиясын өндіруге шектік тарифтер ағымдағы жылы ҚР Энергетика министрлігінің шешімі бойынша екі рет өзгеріп үлгерді: 1 сәуірден бастап (орта есеппен 15%) және 1 шілдеден бастап (орта есеппен 7,2%). Екінші рет өзгерістер ЖЭК үстемесіне байланысты орын алды.

Дереккөз: http://finprom.kz/ru/article/v-rejtinge-stran-evropy-po-dostupnosti-elektroenergii-dlya-naseleniya-kazahstan-lidiruet-kak-strana-s-samymi-nizkimi-tarifami 

Тұрғын үйге байланысты қызметтер бір жылдың ішінде шамамен 6%-ға қымбаттады, сонымен бірге, тікелей мемлекетпен реттелетін коммуналдық қызметтер – небәрі 3%
29 октября 2021

Мемлекетпен реттелетін қызметтер саласында тұтынушылардың құқықтары жеке заңмен қорғалған

Ағымдағы жылдың тоғыз ай қорытындысы бойынша тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан реттелетін коммуналдық қызметтердің құны небәрі 3%-қа өсті. Анықтама үшін: жалпы алғанда, инфляцияның жылдық деңгейі 7,8% құрады.   

Тұрғын үйге қатысты қызметтерге бағаның өсуі әркелкі. Мысалы, жалдамалы пәтер үшін нақты ақысы бір жылдың ішінде бірден 13,2% өсті, тұрғын үй-жайларына қызмет көрсету және жөндеу үшін төлем – 7,9%-ға ұлғайды. Мәлімет үшін: тұрғын үй нарығындағы бағалар 2021 жылдың тоғыз ай қорытындысы бойынша бір жылдың ішінде жаңа үйлер үшін 10,8%-ға және екінші дәрежелі тұрғын үйлерге – бірден 23%-ға өсті.  

Қазақстандықтардың ай сайынғы түбіртек бойынша төлейтін қызметтерге қатысты айтар болсақ, мұнда да елеулі айырмашылықтар байқалады. Сөйтіп, мысалы, егер қоқысты шығару бір жылдың ішінде бірден 15,3%-ға өссе, домофон компанияларының қызметтерге бағасы 3,2%-ға, ыстық судың құны небәрі 1,4%-ға ұлғайды, ал орталық жылыту болса, керісінше, 1,2%-ға арзандады.     

Мемлекетпен реттелетін қызметтердің құны басқаларға қарағанда әлдеқайда тұрақты екенін байқауға болады.

Қазақстандықтардың ай сайын алатын қарапайым түбіртектердің мысалында нақты қандай қызметтер туралы айтылып жатқанын түсіндіре кетейік. Суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру (кәріз), электр энергиясы, газбен жабдықтау және жылумен жабдықтау (жылыту) реттелетін қызметтерге жатады. Мысалда анық көріп отырғандарыңыздай, оларға қысқы кезеңде жалпы қызметтер құнының 52,1%, ал жазғы уақытта - 29,5% тиесілі.     

Айта кету керек: келтірілген түбіртек – бұл жай ғана есептеуге арналған үлгі. Алайда тұратын жеріне (қала/ауыл), өңіріне және тұрғын үй түріне қарай қазақстандықтардың түбіртектері, әрине,  қатты ерекшеленетін болады. Сөйтіп, газбен жабдықтау және су бұру сияқты мемлекетпен реттелетін, сол сияқты бейнебақылау мен лифт сияқты реттелмейтін қызметтер барлық дерлік жерде кездесе бермейді.

Дегенмен ел тұрғындарының барлық түбіртектерін біріктіретін бір жайт: оларда реттелетін, сол сияқты реттелмейтін қызметтер бар және де реттелетін қызметтер саласында қазақстандықтардың құқықтары жеке заңмен қорғалған.  

Коммуналдық қызметтердің ұсынылуы қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы жеке шарттың негізінде жүзеге асырылады. Тұтынушылық қасиеттері мен қызметтерді көрсету тәртібі нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Халыққа реттелетін қызметтерді көрсететін қызмет көрсетуші-компаниялардың жұмысы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитеттің иелігінде (ҚР ҰЭМ ТМРК), құқықтары бұзылған жағдайда тұтынушылар дәл осы органға жүгіне алады.   

Айта кету керек: ҚР ҰЭМ ТМРК нормативтік талаптарға сәйкестілікті эксплуатациялық жауапкершілік шегіне дейін ғана реттейді, яғни, энергиямен және сумен жабдықтаудың, сондай-ақ өзге де реттелетін қызметтердің үйге/тұрғын үй кешеніне дейін және т.б. беру деңгейінде жауапты болады. Тұрғын үй объектісінің ішінде таратылуы үшін ПИК/МИБ жауапты болады.

Дереккөз: https://finprom.kz/ru/article/uslugi-kasayushiesya-zhilya-podorozhali-pochti-na-6-za-god-pri-etom-neposredstvenno-kommunalnye-uslugi-reguliruemye-gosudarstvom-lish-na-3 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАРЛЫҚ ГАЗДАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛ МЕН ҚАЛАЛАРДЫҢ 40% АСТАМЫ НЕБӘРІ ЕКІ ӨҢІРГЕ ҒАНА ТИЕСІЛІ
07 октября 2021

Сонымен бірге, Қазақстан халық үшін газдың құны, сондай-ақ «көгілдір отынның» бағаға қатысты қолжетімділігі бойынша еуропа елдері арасында көш бастап келеді

Ағымдағы жылдың басында Қазақстанда табиғи газбен газдандырылған 1,07 мың елді мекен болған еді — алдыңғы жылға қарағанда 6% көбірек.

Газдандыру деңгейі бойынша облыстар рейтингісінде еліміздегі негізгі газ өндіруші өңір — Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр: мұнда 2020 жылдың қорытындысы бойынша 230 ауыл мен қала газдандырылды. Сонымен қатар көш бастап тұрған үштікте Жамбыл және Түркістан облыстары да бар: табиғи газбен жабдықталған 214 және 148 елді мекен.

Облыстардың топ үштігіне ел бойынша газдандырылған қала мен ауылдардың жалпы санынан жартысынан көбісі соларға тиесілі, ал ең үздік көрсеткіштермен тек екі өңір ғана — 40% астам.

ҚР-дағы газдандырудың іс жүзіндегі проблемалары — негізінен инфрақұрылымдық. Тікелей халық үшін газдың бағасы мен қолжетімділігі бойынша Қазақстандағы ахуал айтарлықтай қолайлы.

Сөйтіп, «РИА Рейтинг» сарапшылары атап өткендей, Еуропаның зерттелген елдері арасында неғұрлым арзан газды тұрғындар тек осы Қазақстанда ғана сатып ала алады екен: 1000 куб. м үшін 58,2 АҚШ доллары. Екінші орында Ресей (1000 куб. м үшін 88,5 АҚШ доллары), үшінші орында Беларусь орналасты (146,7 АҚШ доллары). Газдың арзандылығы бойынша алғашқы бестікке сондай-ақ Түркия мен Молдова елдері де кіреді, ал ең қымбат газ Швеция тұрғындары үшін (дегенмен, бұл елде барынша ЖЭК қолдануға ұмтылады, ал газды тұтыну шамалы ғана).

Одан бөлек, ең маңыздысы — Қазақстан газдың халық үшін қолжетімділігі бойынша да көш бастаушылардың бірі. Сөйтіп, ҚР-дың орташа статистикалық тұрғыны өзінің орташа айлық жалақысына айына 7,5 мың куб. м газды сатып ала алады — бұл Еуропа бойынша екінші көрсеткіш. Бұл критерий бойынша бірінші орында Люксембург (9,1 куб. м газ), ал Ресей осы көшбасшылар үштігін аяқтайды (6,8 мың куб. м газ). Сондай-ақ ТОП-5 Ұлыбритания мен Бельгия кірді, ал бұл көрсеткіштегі аутсайдер — Украина.

Ағымдағы жылы газға көтерме және бөлшек бағалардың аздап артқаны байқалады. Сөйтіп, 2021 жылдың тоғыз айдағы қорытындысы бойынша, ҚР тұрғындары үшін тарату желілері арқылы тасымалданатын газ аздап қымбаттады: өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,9%.

Сонымен қатар, бөлек өңірлерде, керісінше, бағалардың төмендегені байқалады: Қызылорда облысы — 1,3%, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында — 0,3%-ға. Ақмола облысында бағалар жылдық динамика бойынша өзгеріссіз қалды.

Анықтама үшін: бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңде (қаңтар-қыркүйек) сектордағы бөлшек сауда бағаларының төмендеуі байқалған еді (минус 0,5%), 2019 жылы да солай (минус 3%).

Дереккөз: https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/bolee-40-vseh-gazificirovannyh-syol-i-gorodov-kazahstana-prihodyatsya-vsego-na-dva-regiona 

Қазақстандық отбасылар ақылы қызметтерге қанша қаражат жұмсайды?
29 сентября 2021

Жалпы үй шаруашылықтарының бір тоқсан ішінде қызметтер секторындағы шығындары қысқарды, алайда кейбір бағыттар бойынша шығындардың елеулі өсімі байқалады.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қазақстандық отбасылардың ақылы қызметтерге шығындары бір үй шаруашылығына орта есеппен 110,9 мың теңгені құрады, бірінші тоқсанмен салыстырғанда минус 3,4%. Бұл, алдыңғы тоқсандағы 17,8% қарағанда, үй шаруашылықтарының барлық шығындарының 16,4%. 

Finprom.kz талдаушылары бір тоқсан ішінде сегменттегі қай шығындардың баптары өскеніне, қайсысы қысқарғанына талдау жүргізді.  

Үй шаруашылықтарының ақылы қызметтерге шығындардың ең үлкен көлемі көлік пен байланыс сегментіне тиесілі – екінші тоқсан ішінде 37,3 мың теңге, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына қарағанда, плюс 3,8%.

Коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге қазақстандықтар бір үй шаруашылығына орта есеппен 34,5 мың теңге жұмсады – алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда бірден 19,8% аз. Дәл осы аталмыш сегментте шығындардың аса көп қысқаруы байқалады.

Тағы 16,6 мың теңге білім беру мен денсаулық сақтауға жұмсалды – өткен тоқсанға қарағанда минус 3,6%. Киім тігу, киім мен аяқ киімді жөндеу және тазалау қызметтеріне, сондай-ақ жиһазды, тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру қызметтеріне 1,7 мың теңгені құрады – бір тоқсан ішінде минус 9,1%.

Есесіне мейрамхана мен дәмханаларға, қонақ үй қызметтеріне, сонымен бірге, бос уақытты ұйымдастыру және мәдениет қызметтеріне шығындар бірден 40,4% бір тоқсан үшін 7,1 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Анықтама үшін: жалпы 2020 жылы ақылы қызметтерге шығындар бір үй шаруашылығына орта есеппен 379,9 мың тг құрады –«коронаға дейінгі дағдарыстық» 2019 жылмен салыстырғанда, 16,5% аз. 

Негізінде қызметтердің барлық түрлері бойынша, болжамдалғандай, шығындардың қысқаруы байқалды. Тек байланыс қызметтеріне шығындар ғана ұлғайды – плюс 5,7% 76,6 мың тг дейін. 

Өз кезегінде, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге шығындар 0,5%, ал көлік қызметтеріне – бірден 25,3% қысқарды, бұл жағдайды «ковидтік» шектеулермен және локдаундармен түсіндіруге болады.

Сектордағы бағалардың өсуіне қатысты айтар болсақ, ақылы қызметтер инфляцияға ең аз үлес қосады. Сөйтіп, ҚР-дың тұтынушылар нарығындағы бағалар ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бірінші тоқсанмен салыстырғанда 2,3% және бір жыл бұрынғы екінші тоқсанға қарағанда 7,4% өсті. Сонымен бірге, ақылы қызметтердің құны бір тоқсан ішінде небәрі 1,4% және жылына 4,9% өсті.      

Салыстыру үшін: азық-түлік тауарлары бір тоқсан ішінде 3,1% және бір жылда бірден 9,9%, ал азық-түліктік емес тауарлар – бір тоқсан ішінде 2,3% және жылына 6,6% өсті.  

Ақылы қызметтердің арасында шипажай қызметтері едәуір қымбаттады – бірден бір тоқсан ішінде 4,5% және жылына 8,5%. Тұрғын үйді күтіп ұстау құны аздап қана өсті (бір тоқсан ішінде 0,4% және жылына 1,3%).

Дереккөз: http://finprom.kz/ru/article/skolko-tratyat-kazahstanskie-semi-na-platnye-uslugi 

«КОММУНАЛКА» МЕН ЖӨНДЕУГЕ ШЫҒЫНДАР: ТҰРҒЫН ҮЙДІ КҮТІП ҰСТАУ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ БЮДЖЕТІНЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ?
22 сентября 2021

Облыстық бөліністе: сектордағы ең «арзан» ҚР өңірлерінің рейтингісі жасалды

 

Қазақстандық отбасылардың коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге  шығындары ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бір үй шаруашылығына орта есеппен 34,5 мың тг жетті. Бұл ақшалай мәнде бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,6%, бес жыл бұрынғыдан 36,3% және он жыл бұрынғыдан – 84% артық.    

Жалпы барлық бағыттар бойынша ақшалай шығындардың жиынтығы ҚР-де бір үй шаруашылығына орта есеппен ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 676,6 мың тг құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 19,5%, бес жыл бұрынғыдан 67,1% және он жыл бұрынғыдан – бірден 2,3 есеге артық. 

Сонымен бірге ақшалай табыс тоқсан ішінде бір үй шаруашылығына 703,7 мың тг жетті – өткен жылға қарағанда 13,5%, бес жыл бұрынғыға қарағанда 56,8%  және он жыл бұрынғыдан 2,3 есе жоғары. 

Сөйтіп, халықтың «коммуналкаға», тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге шығындары қазақстандық отбасылар шығындарының жиынтығынан әлдеқайда баяу серпінмен өсуде. Көп жылдық динамикада үй шаруашылықтарының табыстары, өз кезегінде, едәуір жылдам ұлғаюда; нәтижесінде, тұрғын үй шығындарының орташа деңгейдегі тұрғынның қалтасына қысымы төмендейді.

2021 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеуге шығындардың үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындардан үлесі небәрі 5,5% құрады. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,6%, бес жыл бұрын – 6,7%, он жыл бұрын – 6,9% құрады.    

Сектордағы шығындардың үй шаруашылықтарының жиынтық шығындардан үлесі небәрі 5,1% дейін қысқарды, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 5,2%, бес жыл бұрынғыдан – 6,2% және он жыл бұрынғыдан – 6,4% қысқарды. 

Іс жүзінде, отбасылық бюджеттегі коммуналдық және тұрғын үй төлемдерінің салмағы соншалықты үлкен емес, бұл өсіп жатқан инфляция және өзге сектордағы бағалардың тұрақсыздығымен салыстырғанда, қандай да бір оптимистік үміт сыйлайды.

Өңірлік бөліністе коммуналдық және тұрғын үй шығындарының отбасылық бюджетке қысымы Атырау, Алматы мен Жамбыл облыстарының тұрғындарына ең аз сезіледі, мұнда үй шаруашылығындағы тұтынушылық шығындардан сектордағы шығындардың үлесі 3,1% бастап 3,8% дейінгі аралықта құбылады, ал жиынтық шығындардың үлесі 3,7% аспайды.  

Анықтама үшін: үй шаруашылықтарының ақшалай шығындарының жиынтығы өз ішінде тұтынушылық шығындарды, туыстар мен таныстарға материалдық көмекті, алименттерді, салықтар мен басқа да төлемдерді, сондай-ақ кредиттер мен қарыздарды өтеуді қамтиды.  

Тұтынушылық шығындар – үй шаруашылықтарының азық-түлік және азық-түліктік емес тауарларды, сондай-ақ ақылы қызметтерді сатып алуға бағытталған ақшалай шығындарының бір бөлігі. 

Қазақстандық отбасылардың барлық бағыттар бойынша жиынтық шығындарға қатысты айтар болсақ, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру, бос уақыт, тұрмыстық және өзге де тауарларды жөндеу және т.б. қоса алғанда, шығынға ең көп ұшырайтын отбасылар Алматы (ағымдағы жылдың екінші тоқсанында бір үй шаруашылығына 818,9 мың тг), сондай-ақ Қызылорда (795 мың тг) және Қарағанды (778,5 мың тг) облыстарында байқалды; ең төмен – Шымкент (508,3 мың тг), Қостанай облыстарының (528,2 мың тг) және БҚО (580,1 мың тг) отбасыларында тіркелді.   

Сонымен қатар, ең жоғарғы табыс Маңғыстау облысында (тоқсан ішінде бір үй шаруашылығына 979,4 мың тг), Нұр-Сұлтан қ. (891,3 мың тг) және Қарағанды облысында (835 мың тг), ал ең төмен – Шымкентте (566,6 мың тг), сондай-ақ Жамбыл (598,9 мың тг) және Алматы (604,4 мың тг) облыстарында байқалады.

Дереккөз: https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/rashody-na-kommunalku-i-remont-kak-silno-soderzhanie-zhilya-davit-na-semejnyj-byudzhet-kazahstancev 

АВАРИЯЛАР ЖӘНЕ СУ: ҚР-ДЫҢ ҚАЙ ӨҢІРЛЕРІНДЕ СУМЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНДА АВАРИЯЛАР ЖИІ БОЛАДЫ?
15 сентября 2021

Жалпы ҚР бойынша авариялар азайды, су құбырлары желісінің ұзындығы — керісінше, ұлғайды

 

2020 жылы ҚР сумен қамту жүйесінің құрылыстарында 1,9 мың авария тіркелді — бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,7% төмен. Оның ішінде 1,7 мың авария тікелей сумен қамту желілерінде орын алды — бір жыл бұрынғы көрсеткіштен бірден 21,4% төмен.

Жалпы авариялар санының қысқару қарқыны жылдан жылға азайып келеді. Мысалға, бес жыл бұрын, 2015 жылы сумен қамту құрылыстарында 6,1 мың авария тіркелсе, ал он жыл бұрын, яғни 2010 жылы — 25,9 мың, бұл 2020 жылмен салыстырғанда, 14 есе көп.

2015 жылы тікелей сумен жабдықтау желісінде 5,5 мың авария болса, ал 2010 жылы — 18,4 мың, 2020 жылға қарағанда 11 есе көп.

Өңірлік бөліністе сумен жабдықтау жүйесі құрылыстарындағы авариялар санының қысқаруы елдің 17 өңірінен 7 дейін тіркелді. Ең үздік көрсеткіштер — Солтүстік Қазақстан облысында, мұнда авариялар санын бір жыл ішінде кемінде екі есе қысқартуға қол жеткізілді, 2019 жылғы 77 оқиғадан 2020 жылғы небәрі 35 оқиғаға дейін.

Сонымен қатар аталмыш сектордағы авариялар санын Алматыда екі есеге (1080 бастап 559 дейін), Маңғыстау облысында — үш есеге (19 жағдайдан 13 дейін) қысқартуға мүмкіндік туды. Алайда Атырау облысында бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 2,4 есе авария көбірек тіркелді — 83 оқиға.

2020 жылы ең аз авариялар саны Түркістан облысы (небәрі 3), сондай-ақ Шымкент пен Ақтөбе (7 оқиғадан) облысында тіркелді. Авариялардың ең көп оқиғасы Алматы (559), сондай-ақ Павлодар (252) мен Ақмола (199) облыстарында тіркелді.

Апаттылық едәуір азайған сайын, Қазақстандағы су құбырлары желісінің ұзындығы жылдан жылға ұлғайып келеді. Сөйтіп, 2020 жылы бұл көрсеткіш 85,1 мың км жетті — бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,4% көбірек. Атап өту керек, «коронадағдарыс» пен локдаундарға байланысты барлық шектеулерге қарамастан, желілердің ұзындығын ұлғайтуға мүмкіндік болды.

Оның ішінде су құбырларына желілердің 27,2 мың км тиесілі, бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен тең; даладағы желілерге — 45,2 мың км, бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,6% көп; орамішілік және аула ішілік желілерге — 12,7 мың км, бір жыл ішінде плюс 0,4%.

Анықтама үшін: 2019 жылы желілердің ұзақтығы 83,9 мың км құрады — алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,4% көбірек. Сонымен бірге, 2015 жылы бұл көрсеткіш небәрі 67,9 мың км жетсе, ал 2010 жылы — бар болғаны 50,4 мың км еді.

Сөйтіп, су құбыры желілерінің ұзындығы 5 жыл ішінде 25,4%, ал он жылдың ішінде — бірден 68,8% өсті.

Бөлек айта кету керек: желі ұзындығының мұндай өсіміне қарамастан, халық үшін сумен қамтуға бағалардың симметриялық өсімі байқалған жоқ. Сөйтіп, 2020 жылдың 12 айы ішінде желілерді кеңейту және авариялар санын қысқарту жағдайында,халық үшін суық суға бағалар, алдыңғы жылға қарағанда, керісінше, 2,1%, ыстық суға — 1,3% қысқарды.

Ағымдағы жылы сегіз айдың қорытындысы бойынша (қаңтар–тамыз) бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, суық суға тарифтер 3,5%, ал ыстық суға — небәрі 1,4% ұлғайды.

Дереккөз: https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/avarii-i-voda-v-kakih-regionah-rk-chashe-vsego-sluchayutsya-avarii-na-sooruzheniyah-vodosnabzheniya 

Ағымдағы жылы жалақы 19% өсті, оған қарағанда коммуналдық қызметтердің қымбаттауы небәрі 3% ғана құрады
07 сентября 2021

Сонымен қатар, 2019 жылы және «коронадағдарыстық» 2020 жылдың бірінші жартысында тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түріне тарифтер біршама төмендетілген еді

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында орташа айлық атаулы жалақы 251,5 мың теңгені құрады — бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға жоғары. Инфляцияның ескерілуімен жалақылардың сатып алу қабілетінің шынайы өсімі 10,4% құрады.   

Сатып алу қабілетінің өсуі, соның ішінде, коммуналдық қызметтердің едәуір қолжетімді бағасына да байланысты. Сөйтіп, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында коммуналдық қызметтерге бағалардың жылдық өсімі небәрі 3,5% құрады; оның ішінде тарифтері мемлекет тарапынан реттелетін коммуналдық қызметтердің қымбаттауы — небәрі 3%. Анықтама үшін: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында коммуналдық қызметтерге бағалардың жылдық өсімі 1,7% құрады, оның ішінде реттелетін — 0,2%; өткен жылдың соңғы тоқсанында коммуналдық қызметтердің жалпы қымбаттауы 2,8% құраған еді, реттелетін — 1,7% (салыстыру үшін: реттелмейтін — 5,1%).       

Тұтас алғанда, 2021 жылдың екінші тоқсанында тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлеріне тарифтердің жылдық өсімі жиынтықта 5,4% құрады. Мемлекет тарапынан реттелетін коммуналдық қызметтердің арасында елеулі түрде суық судың қымбаттағаны байқалады (бір жыл ішінде 5,7%). Сонымен бірге, мысалға, газдың құны небәрі 0,9% ғана өссе, жылу, керісінше, 0,9% арзандады. Салыстыру үшін: мемлекетпен реттелмейтін тұрғын үй қызметтерінің арасында қоқыс шығару бір жыл ішінде бірден 15,8%, домофон — 3,3%, тұрғын үй орынжайларына қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер — 7,3%, тұрғын үй орынжайларына қызмет көрсету және жөндеу үшін материалдар — 7,3% қымбаттады. 

Мәлімет үшін: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жалақының өсімі 15,2% құрады, инфляцияның ескерілуімен сатып алу қабілеті — 1,7%, ал тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлеріне бағалардың өсуі — 3,6% құрады. 

 

 

Атап өту керек: тұрғын үй және коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі жиынтықта — мемлекетпен реттелетін, сондай-ақ реттелмейтін де — үнемі дерлік жалақы өсімінен едәуір төмен болатын. Сөйтіп, ағымдағы жылы екінші тоқсанның қорытындылары бойынша жалақының өсуі «коммуналкаға» тарифтердің өсімінен 3,4 есе оза түсті, ал бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша — бірден 4,2 есе.  

Одан бөлек, 2019 жылы және «коронадағдарыстық» 2020 жылдың бірінші жартысында, ҚР халқы үшін аса ауыр кезеңде, жалақы өскен сайын, тұрғын үй және коммуналдық қызметтерге тарифтер, керісінше, төмендетілді. 

Байқағанымыздай, тұрғын үйге төлемнің қазақстандықтардың бюджетіне әсері шамалы. Анықтама үшін: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ҚР тұрғындарының шығындары бір жан басына шаққандағы орта есеппен 188,2 мың теңгені құрады, оның ішінде, тұтынушылық шығындар — 174 мың теңге. Бұл жерде ақылы қызметтерге шығындар бір тоқсан үшін небәрі 33,5 мың теңгені құрайды, ал коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу үшін шығындар — небәрі 12,5 мың теңге немесе айына 4 мың теңгеден сәл жоғары.  

Яғни, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үй қызметтеріне, сондай-ақ тұрғын үйді жөндеуге шығындар жиынтықта тұтынушылық шығындардың небәрі 7,2% ғана және орташа статистикалық қазақстандықтың тұтас шығындарының тек 6,7% ғана құрайды.

Дереккөз: https://finprom.kz/ru/article/na-fone-rosta-zarabotnyh-plat-na-19-za-god-udorozhanie-kommunalnyh-uslug-sostavilo-lish-3 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы