2023 жылғы 1 маусымдағы көші-қон процестері туралы ақпарат (босқындар мен баспана іздеушілер)

2023 жылғы 1 маусымдағы көші-қон процестері туралы ақпарат (босқындар мен баспана іздеушілер)

Есепті күнге (2023 жылғы 1 маусымға) елімізде босқындар мәртебесі 327 адамды құрады.

Шығу елдері бойынша 279 босқын Ауғанстан, Украинадан 36 адам, ҚХР-дан 6 босқын, Сирия Араб Республикасынан 5 босқын және Өзбекстан Республикасынан 1 босқын азаматтары.

Босқындар негізінен Алматы қаласында – 246 адам, Алматы облысында – 24 адам, Шымкент қаласында – 22 адам және еліміздің басқа облыстарында 35 адам тұрады.

Баспана іздеушілердің мәртебесі-646 адам.

Баспана іздеушілердің ішінде-399 адам Украина азаматтары, 197 адам Ауғанстаннан, 19 адам Ресей Федерациясының азаматтары, басқа елдерден
31 адам.

Анықтама үшін: - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында баспана іздеп жүрген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам пана іздеп жүрген адам деп танылады.

- нәсіліне, ұлтына, дініне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа немесе саяси нанымға жататындығына байланысты қудалаудың құрбаны болудан негізделген қорқынышына байланысты өзінің азаматтық қатысы бар елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қорқыныштың салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік ҚР-да босқын деп танылады.

Ағымдағы жылы жоспарлануда:

- 1951 жылғы Конвенцияның ережелерімен ұлттық заңнама нормаларын имплементациялау бойынша ұсыныстар дайындау (босқындарға, баспана іздеп жүрген адамдарға және азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмекке, білімге және тұрақты тұратын шетелдіктермен тең әлеуметтік көмекке қол жеткізу бөлігінде);

- Босқындар туралы Жаһандық шартта және басқа да халықаралық бастамаларда баяндалған мақсаттарға сәйкес босқындардың, баспана іздеушілердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын ілгерілету үшін БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының Алматыдағы өкілдігімен ынтымақтастықты нығайту және бірлескен бастамаларды әзірлеу жөнінде шаралар қабылдау.