Түркістан облысына көшпелі іс-шараның баспасөз релизі

Түркістан облысына көшпелі іс-шараның баспасөз релизі

Ағымдағы жылғы 8-10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш аудандарында және Жетісай, Түркістан қалаларында тұратын оңтүстіктен солтүстікке өз еркімен қоныс аударуға қатысуға ниет білдірген отбасыларға барды.

Кездесу шеңберінде тұрғындарға ұсынылып отырған мемлекеттік қолдау шаралары, қоныстандыру өңірлеріндегі бос жұмыс орындары және мансаптық орталықтар қызметкерлерінің жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастаманы іске асыруға жәрдемдесу шарттары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, отбасыларға қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш беру үшін Түркістан облысының карьерлік орталықтарына жүгіну тетіктері түсіндірілді.

2025 жылы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 7344 адамды құрайды.

Квота өңірлер бойынша мынадай мөлшерде бөлінеді:

Павлодар облысы-3050 адам;

Солтүстік Қазақстан облысы-2969 адам;

Қостанай облысы-535 адам;

Шығыс Қазақстан облысы-372 адам;

Қарағанды облысы-38 адам;

Абай облысы-255 адам;

Ұлытау облысы-125 адам.

Қоныстандыру өңірлерінде мансап орталықтарының қызметкерлері «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы қоныс аударушылардың отбасыларына бейімделу және интеграциялық қызметтерді алу бойынша толық сүйемелдеуді жүзеге асыратындығы жөнінде де түсінік берілді.

Одан әрі Төраға Жетісай қаласының медицина колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Өз сөзінде ол колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері, олардың ерікті қоныс аударуға қатысудың басым құқықтары және қоныс аударатын өңірлердегі бос жұмыс орындары туралы назарларына жеткізді.

Отбасылармен осындай кездесулер 2025 жылдың ақпан айында Сарыағаш, Келес, Төлеби, Қазығұрт аудандарында, сондай-ақ Түркістан облысының Түркістан және Кентау қалаларында өткізілді.