ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Асқарбек Ертаев Орталық Азия бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы өкілінің м.а. Думитра Липканумен кездесу өткізіп, оның барысында босқындар мен пана іздеп жүрген адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Тараптар босқындардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, босқындар мен пана іздеушілерге медициналық және әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қаралды.

Жалпы, пана іздеушілер мен босқындардың құқықтарын қорғауды және қолдауды қамтамасыз ету мәселесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тұрақты бақылауында.