Қандастарды қолдау шараларының мәселелері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде талқыланды

Қандастарды қолдау шараларының мәселелері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде талқыланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековпен кездесу өткізді.

Өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, қандастарды ұтымды қоныстандыруды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, «Ата жолы» картасын алудың қолданыстағы тетігі қарастырылды. «Ата жолы» картасын бірлесіп іске асыруда уағдаластыққа қол жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ата жолы» картасы өткен жылдан бастап этникалық қазақтар (басқа елдердің азаматтары) үшін енгізілді, бірінші кезекте жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар болып табылатын немесе өз елдерінде табысты бизнес-кейстерді іске асырып, оларды Қазақстанда кеңінен қолданғысы келетін этникалық қазақстарға беріледі.