А. Ертаев көші-қон мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді

А. Ертаев көші-қон мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді

Еңбек министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлерінде қандастарды қоныстандыру мәселелері бойынша «Тұран» жеке ұйымының өкілі Досымбек Мұратпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қандастарды іс жүзінде қоныстандырудың жаңа алгоритмі, сондай-ақ Ақмола облысы мысалында қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына этникалық қазақтарды енгізу тәртібі талқыланды.

Этникалық қазақтардың қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтініштерін қарау үшін, ал қоныстандыру өңірлерінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу мақсатында қосымша жергілікті атқарушы органдар құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін қандастарды қабылдау жөніндегі арнайы комиссиялар құрылды.

Сонымен бірге Асқарбек Ертаев «Туризм және шетелдегі жұмысқа орналастыру агенттігі» ЖШС басшысы Светлана Сәдуақасовамен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыру бойынша жұмыспен қамту жекеше агенттіктерімен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Осы орайда талқылауды егжей-тегжейлі жалғастыру үшін өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу мақсатында жұмыспен қамту агенттіктерімен бірлескен чат ашу жоспарланып отыр.