А. Ертаев Конаев қаласындағы Корей орталығын іске қосудың жұмыс барысымен танысты

А. Ертаев Конаев қаласындағы Корей орталығын іске қосудың жұмыс барысымен танысты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Қазақстандағы EPS орталығын іске қосу үшін Конаев қаласындағы нысандарды аралады.

Орталық «Employment permit System» жүйесі бойынша оқыту жүргізеді.

Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуға ниет білдірген адамдарды оқыту процесі Алматы облысы білім басқармасының «Қонаев қаласының көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының базасында жүргізілетін болады.

Медициналық тексеру Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қонаев қаласының қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүзеге асырылады.

Қазақстанды Оңтүстік Кореяның EPS жүйесіне қосу мәселесі Корея Республикасының жауапты мемлекеттік органдарымен қарастыру және мемлекетішілік келісу сатысында тұрғанын естеріңізге сала кетейік.