"Халық қатысатын бюджет" жобасын іске асырудың басталуы туралы ақпарат

"Халық қатысатын бюджет" жобасын іске асырудың басталуы туралы ақпарат

Жітіқара қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде,

 қала тұрғындарын хабардар ету үшін, «Халық қатысатын Бюджет» жобасын іске асырудың басталуы туралы ақпарат.

 Құрметті қаламыздың тұрғындары! Сіздерді 2024 жылғы 20 қаңтардан 1 наурызға дейін 2025 жылы іске асыру үшін «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде ұсыныстар қабылдау жүзеге асырылатынын хабарлаймыз. Осы жоба шеңберінде азаматтар «Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімшісі болып табылатын іс-шаралар бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады.

Жобаның мақсаты-қала тұрғындарының бастамасы мен ұсыныстары бойынша қаланы дамыту және абаттандыру.

Өз ұсыныстарын кәмелетке толған Жітіқара қаласының барлық тұрғындары жібере алады. Ұсыныстарды Жітіқара қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде жіберуге болады. Қала тұрғындарының жария дауыс беруі іске асыру үшін жобаларды анықтайды.

Ұсынысты жіберу үшін өтінімді толтыру қажет (жобаның атауын, оның сипаттамасын, объектінің мекен-жайын көрсету), эскиз бен сметаны (болжамды болуы мүмкін), ағымдағы жай-күйдің фотосуреттерін, қалауыңыз бойынша презентацияны тіркеу қажет. Осы бөлімде осы жобаның ережелері, үлгілік жобалық ұсыныс, жоба бойынша іс-шаралар мерзімі, Сараптамалық кеңестің құрамы көрсетілген.

Жобаларға Жітіқара қаласының кәмелетке толған тұрғындары ұсынылған жобалық ұсыныстар бойынша ресми интернет-ресурста электрондық түрде дауыс бере алады. Дауыс беру нәтижесі негізінде сараптамалық кеңес тиісті шешім шығарады. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады. Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде «Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.

Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары туралы ақпарат тоқсан сайын әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады.

Қауымдастық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен тұрғындар жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысымен танысуға және мониторинг жүргізуге құқылы.