
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Эльдар Қонысбайұлы Күзенбаев азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында көші-қон заңнамасы мәселелері бойынша өтініштер, сондай-ақ Комитет құзыретіне кіретін өзге де мәселелер қаралды.
Өтініш берушілерге қолданыстағы заңнама нормалары мен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Азаматтарды жеке қабылдау мемлекет пен халық арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады, сондай-ақ өзекті мәселелерді жедел шешуге және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Көші-қон комитеті мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықтың көші-қон саласындағы құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.