Қазақстанның Алматы процесіндегі қатысу мәселелері талқыланды

Қазақстанның Алматы процесіндегі қатысу мәселелері талқыланды

Комитет төрағасы Э.К. Кузенбаев Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Орталық Азия бойынша БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) қолдауымен өткен Алматы процесінің үйлестіру кездесуіне қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанның Алматы процесіндегі өкілдігіне қатысты Министрліктің стратегиялық көзқарасын ескере отырып жаңартылған іс-шаралар күнтізбесі талқыланды. Алматы процесі шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары, іс-шаралардың форматы, өткізу мерзімдері және мүдделі тараптар айқындалды.

Кездесуге қатысушылар жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екендіктерін растады.