«Босқын мәртебесін айқындау рәсімін практикада қолдану: тиімді сұхбат жүргізу, шыққан ел туралы ақпаратты зерттеу және пайдалану, сондай-ақ мәліметтердің шынайылығын бағалау» тақырыбындағы тренинг

«Босқын мәртебесін айқындау рәсімін практикада қолдану: тиімді сұхбат жүргізу, шыққан ел туралы ақпаратты зерттеу және пайдалану, сондай-ақ мәліметтердің шынайылығын бағалау» тақырыбындағы тренинг

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Е. Күзенбаев «Босқын мәртебесін айқындау рәсімін практикада қолдану: тиімді сұхбат жүргізу, шыққан ел туралы ақпаратты зерттеу және пайдалану, сондай-ақ мәліметтердің шынайылығын бағалау» тақырыбындағы тренингке қатысты. Тренинг БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) қолдауымен ұйымдастырылды.

Көші-қон комитеті аталған іс-шараға баспана іздеуші адамдармен жұмыс жүргізу функциясы жүктелген жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін тартты. Оқыту мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға және баспана беру туралы өтініштерді қарау үдерістерін жетілдіруге бағытталған.

Көші-қон комитетінің төрағасы құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының босқындарды қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін сақтау маңыздылығын, сондай-ақ баспана беру туралы өтініштерді қарау рәсімдерінің ашықтығын, объективтілігін және бірізділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы сын-қатерлерді және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды сақтау қажеттігін ескере отырып, мәжбүрлі көші-қон саласында шешім қабылдайтын мамандарды практикалық даярлаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ, Комитет төрағасы БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасына іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені және тұрақты сараптамалық көмек бергені үшін алғысын білдірді.

Тренинг аясында қатысушылар тиімді сұхбат жүргізу, шыққан ел туралы ақпаратты пайдалану, мәліметтердің шынайылығын бағалау мәселелерін талқылап, баспана беру саласындағы практикалық тәжірибелерімен алмасты.