
Көші-қон комитетінің төрағасы Эльдар Күзенбаев Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының (әрі қарай - ХКҚҰ) – БҰҰ-ның Көші-қон жөніндегі агенттігінің миссия басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын елдік офис жетекшісі Серхан Актопракпен және ХКҚҰ Қазақстандағы ұлттық бағдарламалар үйлестірушісі Светлана Бекмамбетовамен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар көші-қон процестерін басқару саласындағы ағымдағы өзара іс-қимылды және алдағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Әсіресе қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон жөніндегі Жаһандық шартты іске асыру мәселелеріне, сыртқы еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон мәселелері бойынша өңірлік консультативтік тетік болып табылатын Алматы процесі шеңберіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көші-қон саясатын жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әріптестікті одан әрі жалғастыруға өзара мүдделілік танытатынын растады.