Ағымдағы жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Н.Б. Жүсіптің төрағалығымен «Халықтың ішкі және сыртқы көші-қонының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Комитет төрағасы Э.Қ. Күзенбаев Халықтың көші-қоны саласындағы ағымдағы ахуал және көші-қон процестерін реттеу бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.
Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ Zoom платформасы арқылы жергілікті және өкілетті атқарушы органдардың өкілдері қосылды.
Талқылау барысында ішкі және сыртқы көші-қонды реттеу, заңсыз көші-қонның алдын алу және мемлекеттік көші-қон саясатын жетілдіру мәселелері қаралды.