Көші-қон комитетінде «Job Prospect Agency» Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері қауымдастығымен кездесу өтті

Көші-қон комитетінде «Job Prospect Agency» Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері қауымдастығымен кездесу өтті

Көші-қон комитетінің төрағасы Эльдар Кузенбаев және Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Нурлан Тажибаев «Job Prospect Agency» қауымдастығының президенті Светлана Садвакасовамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы азаматтарын шетелде жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ұйымдастырылған еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Қазақстан азаматтарын шетелде заңды және қауіпсіз жағдайда жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, сыртқы еңбек көші-қоны саласында мемлекетаралық келісімдер жасасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар сыртқы еңбек көші-қонын реттеу тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ шет мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, азаматтарды шетелде заңды түрде жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылық білдірді.