Бейнеу ауданында ерікті өңіраралық қоныс аудару шарттарын түсіндіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды

Бейнеу ауданында ерікті өңіраралық қоныс аудару шарттарын түсіндіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды

Ерікті өңіраралық қоныс аудару бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 16-19 қаңтар аралығында Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жұмысты Көші-қон комитетінің өкілдері, сондай-ақ Қостанай және Павлодар облыстарының делегациялары ұйымдастырды.

Жұмыс тобының сапары барысында азаматтарды қабылдау, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан отбасыларды үйден аралау жүргізілді. Азаматтардың негізгі өтініштері жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты болды.

Жеке yfcb[fnnfe шеңберінде азаматтарға қабылдау өңірлерінде жұмысқа орналасу және тұру мүмкіндіктері, ерікті өңіраралық қоныс аударуға қатысушылар үшін көзделген мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ өңірлік квотаға енгізу тәртібі түсіндірілді.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларымен 100-ге жуық отбасы қамтылды. Ерікті өңіраралық қоныс аудару бағдарламасына қатысуға жалпы саны 146 адамнан тұратын 25 отбасы қызығушылық танытты. Кейбір отбасылар жақын арада, соның ішінде қолайлы ауа-райы жағдайынан кейін көшу мүмкіндігін қарастыруда. Бір отбасы аймақтық квотаға қосу үшін құжаттарды тапсырып үлгерді, тағы біреуі тұру және жұмысқа орналасу шарттарымен алдын ала танысу үшін қабылдаушы өңірге кетті.

Мүдделі отбасыларды сүйемелдеу және солтүстік өңірлерге қоныс аудару шарттарын түсіндіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.