Астанада Халықаралық көшіп-қонушылар күніне арналған іс-шара өтті

Астанада Халықаралық көшіп-қонушылар күніне арналған іс-шара өтті

2025 жылғы 18 желтоқсанда Астана қаласында Назарбаев Университетінің базасында Халықаралық көшіп-қонушылар күніне орай іс-шара өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, академиялық және мәдени қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов қатысып, алғы сөз сөйледі.

Іс-шара «Көші-қон және өнер» тақырыбында өтіп, Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдерімен қатар мәдениет қайраткерлері мен сарапшылардың қатысуымен панельдік сессияны қамтыды. Талқылау барысында мәдени бірегейлікті сақтау, әлеуметтік интеграция, миграцияның адами капиталды дамытудағы рөлі, сондай-ақ көші-қон процестерін басқарудағы әріптестік пен инновациялық тәсілдердің маңызы мәселелері қозғалды.

Өз сөзінде Комитет төрағасы миграцияның қазіргі заманғы әлемнің ажырамас бөлігі екенін және ол адамдардың орын ауыстыру үдерісімен ғана шектелмей, мәдениеттер, идеялар мен тәжірибе алмасудың маңызды тетігі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, өнердің өзара түсіністікке, әлеуметтік бірлікке және мигранттардың қабылдаушы қоғамға интеграциялануына ықпал ететін әмбебап тіл ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Жастардың көші-қон процестеріне қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жас мигранттар үшін шығармашылық диалогтың, бейімделудің және болу елінің қоғамдық және мәдени өміріне белсенді қосылудың маңызды құралына айналатыны атап өтілді.

Назарбаев университетінде Халықаралық көшіп-қонушылар күнін өткізу академиялық қоғамдастық пен жастарды адамның қадір-қасиетін құрметтеуге және қауіпсіз, реттелген және тұрақты көші-қон қағидаттарына негізделген көші-қон туралы объективті және инклюзивті дискурсты қалыптастыруға тартудың маңыздылығын атап өтті.