
Ыстанбұлда Будапешт процесінің жоғары лауазымды тұлғаларының 37-ші кеңесі өтті - бұл 2024 жылғы Министрлер декларациясы мен оған қоса қабылданған Іс-қимылға үндеуден кейінгі алғашқы отырыс болды. Кездесуге 36 мемлекет пен 10 халықаралық ұйымның өкілдері қатысып, бас қосты
Іс-шарада Қазақстан Республикасын өкілі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов болды, ол аймақтағы өзекті өңірлік үдерістерді, өзара іс-қимылдың басымдықтарын және Будапешттік процесс аясындағы одан арғы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға қатысты.
Кеңес 2024 жылдың қараша айында Венгрияның Будапешт қаласында өткен Будапешттік процестің 7-ші министрлік конференциясында қабылданған шешімдерді іске асырудың маңызды кезеңі болды.
Бірінші күн барысында қатысушылар 2025–2030 жылдарға арналған Іс-қимылға үндеуді іске асыру барысын, соның ішінде Жібек жолы өңірінде жүзеге асырылып жатқан жобаларды қарастырды. Сондай-ақ 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, халықаралық ұйымдардың қазіргі көші-қон жағдайына қатысты талдамалық баяндамалары тыңдалды.
Кеңестің екінші күнінде қатысушылар құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, мигранттарды қайтару және қайта интеграциялау, сондай-ақ заңды көші-қон бағыттарын кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Әрбір ел өз ұстанымын таныстырып, тиісті ұсыныстарын жеткізді, бұл кең және мазмұнды сараптамалық диалог жүргізуге мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, тақырыптық панельдік талқылау өтіп, одан кейін қатысушы мемлекеттер делегацияларының қатысуымен дәстүрлі дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кеңес Будапешттік процестің көші-қон мәселелері бойынша жүйелі диалогты, тәжірибе алмасуды және стратегиялық тәсілдерді келісуді қамтамасыз ететін жетекші үкіметаралық платформалардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы да растады. Қатысушылар қазіргі көші-қон сын-қатерлеріне тиімді ден қою үшін мемлекеттер мен халықаралық серіктестердің күш-жігерін одан әрі үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.