Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысын шығарды

Бірінші вице-министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен отырыс вице-министрлердің, ведомство департамент басшыларының, мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеттерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының қатысуымен өтті.

Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов көші-қон процестерін реттеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Өз сөзінде ол ішкі және сыртқы көші-қонды басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірлеу туралы хабарлады.

Көші-қон саясатының тетіктерін іске асыру бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспарында көзделген жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары қызметінің нәтижелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Министрлік алдында тұрған негізгі міндеттерді белгіледі.