Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесі аясында Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Н.Т.Тәжібаевтың жұмыс сапары өтті.
Сапардың мақсаты азаматтарды қоныстандыру өңірлеріне қоныс аудару шарттарымен таныстыру, сондай-ақ бос жұмыс орындарын таңдауға және жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударушыларды бейімдеуге жәрдемдесу болды.
Сапар барысында көші-қон комитетінің өкілдері ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына қатысуға дайын екендіктерін білдірген көпбалалы отбасылармен кездесулер өткізді.
Әңгіме барысында қоныс аудару шарттары, қолдау шаралары және жұмысқа орналасу мәселелері талқыланды.
2017 жылдан бастап Маңғыстау облысынан қоныс аудару өңірлеріне ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында 1 188 адам (287 отбасы) көшіп келді.
Маңғыстау облысы әкімдігінің қабылдаған шаралары азаматтардың ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына қатысуға қызығушылығын арттыруға ықпал етуде.