Ағымдағы жылдың 21-23 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысына көші-қон комитетінің төрағасы А.Б. Шоновтың қоныс аударушылар көтерген мәселелері бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ұсынылатын жаңышылдықтыр бойынша жұмыс сапары өтті.
Жалпы, қоныс аударушылар заңнамалық бастамаларды қолдайды, ұсынылған шаралар ерікті қоныс аударуға қатысуға ықпал етеді және қосымша инвестициясыз ауылдарда тұрғын үй сатып алу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді деп санайды.
Көшпелі іс-шаралар барысында комитет өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына (Уәлиханов, Аққайың, Шалақын, Есіл, Тайыншын, Ақжар, Мамлют, Қызылжар аудандары) келген отбасыларға сауалнама жүргізді.
Қоныс аударушылар мен қандастардың отбасыларына жүргізілген сауалнама шеңберінде 2024 және 2025 жылдардағы есепті кезеңде жоғарыда аталған аудандарға еңбек күші артық өңірлерден 375 отбасы (1 371 адам) келгені анықталды.
Анықтама:
2024 жылы-328 отбасы (оның ішінде қоныс аударушылар 310 отбасы (1136 адам), қандастар - 18 отбасы (57 адам);
2025 жылы – 47 отбасы (оның ішінде қоныс аударушылар 33 отбасы (144 адам), қандастар-14 отбасы (34 адам).
Бұл ретте келгендердің жалпы санынан 49 отбасы кері қайта оралды
(152 адам), оның ішінде қоныс аударушылар 45 отбасы (136 адам), қандастар
4 отбасы (16 адам), бұл 13% құрайды.
Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының аталған аудандарында қоныс аударушылардың бейімделуі қанағаттанарлық.
Жергілікті жерлерде мансаптық орталықтардың мамандары қоныс аударушылардың отбасыларын сүйемелдейді, олардың проблемалық мәселелерін біледі, оларды бірлесе отырып шешеді.
Қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары мен жаңа тұрғылықты жерінде тұру жағдайлары қанағаттандырады. Мал шаруашылығын дамыту және 2,5% шағын несие алу есебінен бизнесті кеңейтуге қызығушылық танытуда.