Қиын қолжетімді жерлерде орман-дала өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Қиын қолжетімді жерлерде орман-дала өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою дайындығын арттыру мақсатында Абай облысында қиын қолжетімді аумақтарда орман-дала өрттерін сөндіру бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығулар шынайы жағдайға барынша жақын ортада өтті. Сценарий бойынша жоғары ауа температурасы мен екпінді желдің салдарынан құрғақ өсімдіктер тұтанып, өрт орман мен дала аумақтарына тез таралған.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — техника өте алмайтын аумақтарда өрт ошақтарын әуе десанты мен жердегі бөлімшелер арқылы жедел анықтап, оларды оқшаулау және толықтай жою іс-қимылдарын пысықтау болды.

Өткізілген оқу-жаттығулар жеке құрамның күрделі табиғи жағдайда әрекет етуге дайындығын және барлық тартылған қызметтердің үйлесімді жұмысын көрсетті.

 

Абай облысының ТЖД