АҚШ-тың Орман шаруашылығы қызметімен кездесу

АҚШ-тың Орман шаруашылығы қызметімен кездесу

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі АҚШ-тың Елшілігі мен орман шаруашылығы қызметінің қауіпсіздік жөніндегі әскери ынтымақтастық бөлімінің өкілдерімен кездесуге қатысты.

Ормандардағы өрттерге жедел ден қою, оларды жою ерекшеліктері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы басқа да төтенше жағдайлар мәселелері талқыланып, пікір алмасты.

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев келесі мәселе бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді:

- биік ғимараттар мен құрылыстарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, өртті сөндіру және биік ғимараттардан адамдарды құтқару тактикасы;

- электромобильдердегі өрттерді сөндіру тәсілдері.

Тараптар осы мәселелер бойынша толық ақпарат беру туралы уағдаласты.