Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловтың төрағалығымен Экология жәнен табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиевтің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінің қатысуымен өрт қауіпті кезеңнен өту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңесте Табиғи өрттерге ден қою кезінде басқару және өзара іс-қимыл алгоритмінде көзделген өзара хабарлау және басқа да бірлескен іс-қимылдарды пысықтау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ әуе борттарын тарту, өртте жедел штабтардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды, экология вице-министрі орман өрттерін ерте анықтау жүйелерін дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды айтты.
Өртке қарсы қызмет комитеті