2025 жылғы 16 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2025 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы брифинг өтті. Спикер ретінде ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев сөз сөйледі.
Ерлан Төрегелдиев хабарлағандай, ТЖМ өрт қауіпті кезеңінің басталуымен әкімдіктермен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау жұмысын жандандырды. Экология министрлігімен бірлесіп ведомствоаралық жоспар бекітілді, шекаралас мемлекеттермен өзара іс-қимылды қоса алғанда, ден қою алгоритмдері алгоритмдеріне түзетулер енгізілді.
Өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізіледі: аумақты тазарту және жер жырту жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ орманды дала алқаптарында профилактикалық жұмыстар белсенді жүргізілуде. Қазгидрометтің болжамына сәйкес алдағы жаз құрғақ болады деп күтілуде, бұл табиғи өрттердің орын алу қаупін арттырады.
Бүгінгі таңда 34 табиғи өрт пен 405 құрғақ өсімдік өрті тіркелді. Негізгі себептер адам факторы болып қала береді — шөпті рұқсатсыз жағу және отты абайсыз пайдалану.
Полиция мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен күнделікті рейдтер мен патрульдеу ұйымдастырылды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 475 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Халықпен түсіндірме әңгімелер, мектептерде қауіпсіздік сабақтары және басқа да акциялар өткізіледі.
ТЖМ Командалық орталығында тәулік бойы жедел топ жұмыс істейді. «Орман», «Табиғат» ақпараттық жүйелерінің, бейнебақылау, космомониторинг және ТЖ ГАЖ көмегімен өрт ошақтарына мониторинг жүрізуге және ерте анықтауға ерекше назар аударылады.
Орман алқаптары бар өңірлерде ТЖМ әуе кемелері мен табиғат қорғау ведомстволарының кезекшілігі ұйымдастырылды. Пилотсыз ұшу аппараттары белсенді пайдаланылады, күн сайын әуеден шолып қарау жүргізіледі.
Мамыр айында авиацияны қатыстыра отырып, Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар, сондай-ақ өрт сөндіру бекеттері және ерікті өрт сөндіру құралымдарымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
- ормандарда және ашық аумақтарда алау жақпаңыздар;
- шөп пен қоқысты өртемеңіздер;
- сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамаңыздар;
Өрт туралы дереу 101 немесе 112 телефонына хабарлаңыздар.