Ақаулы пештерден өрттердің пайда болуы жалғасуда

Ақаулы пештерден өрттердің пайда болуы жалғасуда

Жылыту маусымы аяқталуға жақын, бірақ ақаулы пештерге байланысты өрттер жалғасуда. Бір апта ішінде елімізде тұрғын секторда 83 өрт тіркелді, оның ішінде 21 өрт пештерді пайдалану кезінде талаптарды бұзыуына байланысты орны алды.

Жылыту маусымы басталғаннан бері пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуына байланысты 1046 өрт тіркелді. Бұл өрттерде 176 адам қаза тапты.

ТЖМ бөлімшелері барлық жерде халық арасында үгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 2,6 млн астам тұрғын үйлерге профилактикалық сапармен барып, шашамен 5,5 млн адамға нұсқау берілді.

 

ТЖМ еске салады:

- тек жұмыс істейтін пештерді қолданыңыз;

- пештің қызып кетуіне жол бермеңіз;

- мұржаны күйеден уақытында тазалаңыз;

- ақаулар үшін пеш пен мұржаны үнемі тексеріп отырыңыз;

- балалардың пештерін жағуға тапсырмаңыз;

- жиһазды пештен алыстатыңыз;

- пештің жанында ағашты, киімді және басқа жанғыш заттарды кептірмеңіз;

- жанғыш сұйықтықтарды жағу үшін пайдаланбаңыз.

 

Әркім өз үйін қауіпсіз ете алады.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті