ТЖМ еске салады: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз

ТЖМ еске салады: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыз

Жылыту маусымы басталғаннан бері (2023 жылғы 5 қазаннан бастап) тұрғын үй секторында 3 229 өрт болды, 725 адам құтқарылды, 124 адам жарақат алды, 63 адам қаза тапты.

Тұрғын үй секторында ТЖМ қызметкерлері жыл бойы үйлерді аралау жұмыстары мен рейдтер өткізеді, оның барысында азаматтарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері жеткізіледі.

Тұрмыстық өрттердің басым бөлігі электр құралдары мен құрал жабдықтарын, жылыту пештерін пайдалану кезіндегі бұзушылықтар, отты абайсыз пайдалану және т.б. салдарынан, яғни адамдардың немқұрайлылығынан орын алады.

Тұрмыстық өрттердің алдын алу, олардың туындауы кезінде адамдардың өмірі мен мүлкін сақтау үшін ТЖМ қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:

- өрт анықталған жағдайда өртке қарсы қызметке дереу хабарлаңыз;

- ақаулы электр құралдарын пайдаланбаңыз;

- электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз және қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдырыңыз;

- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Газ плиталары бар үйлерде сіріңкені жиі қолдануға тура келеді. Пайдаланылған сіріңкені салатын ыдыс дайындауды ұмытпаңыз, өйткені соңына дейін сөнбеген сіріңке жануы мүмкін барлық нәрсені тұтатуы мүмкін. Сіріңкеге арналған жанбайтын ыдыс ілулі перделер, ағаш сөрелер және т. б. жоқ жерде болуы керек.

Егер газдың иісі пайда болса, оны дереу өшіріп, бөлмені желдетіңіз. Бұл ретте жарықты қосуға, темекі шегуге, сіріңке, шам жағуға және т. б. қатаң тыйым салынады.

Өрттің өршуінің алғашқы кезеңінде өртке қарсы қызмет шақырылғаннан кейін сіз қолда бар құралдармен (су, құм, өрт сөндіргіш және т.б.) сөндіруге тырысуға болады. Егер сіз өзіңіз сөндіре алмасаңыз, ғимараттан шұғыл түрде кетуіңіз керек.

Баспалдақты түтін пайда болған кезде, шығар есіктерді мықтап жауып, түтіннің қауіпті концентрациясы немесе температураның жоғарылауы пайда болған кезде балконға шығу керек.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі