ТЖМ электромобильдер мен оларды зарядтау станцияларын қауіпсіз пайдалану мәселелерін реттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде

ТЖМ электромобильдер мен оларды зарядтау станцияларын қауіпсіз пайдалану мәселелерін реттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде

ТЖМ елімізде экологиялық таза көлікті насихаттауды және дамытуды қолдайды, азаматтық қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама шеңберінде ТЖ министрлігі электромобильдерге арналған электр зарядтау құрылғыларын пайдалануға рұқсат беру көзделмегенін хабарлайды.

Сонымен қатар қазіргі таңда елімізде электромобильдерге арналған электр зарядтау құрылғыларының қауіпсіз пайдаланылуын  анықтайтын талаптар жоқ.

Соңғы уақытта дүние жүзіндегідей елімізде электромобильдерге деген сұраныс артып келеді. Осы мәселенің өзектілігін ескере келе, ТЖМ электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын қауіпсіз пайдалануды реттеуде жылдам шешім қабылдау қажеттілігі туралы бастама жасады.

Осы мақсатта біз шет елдердің электромобильдер мен зарядтау станцияларын (АҚШ, Канада, Мексика, Нидерланды, Швейцария, Германия, Ұлыбритания және Ресей) пайдалану тәжірибесін зерттедік.

ТЖМ Ресей мен Норвегияның тәжірибесі негізінде электромобильдер мен оларды зарядтау станцияларына қажетті талаптар қалыптастырылды, олар құрылыс нормаларына одан әрі енгізу үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жіберілді.

Қазір Сыртқы істер министрлігіне электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын паркингтерге орналастыру бойынша Қытай мен Түркияның нормативтік талаптарын алу үшін қосымша сұрау хат жіберілді.

Сонымен қатар, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы литий-ионды аккумуляторлардың құрамын, олардың өрт сөндіру тәсілдері мен әдістерін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

ТЖМ электромобильдер мен олардың зарядтау станциялары үшін тиісті стандарттарды қабылдау қажеттілігі туралы Сауда және интеграция министрлігіне де ұсыныс жіберді.

Еске салайық, 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасында электромобильдер мен олардың жинақтаушы қосалқы бөлшектерін сақтау қоймасында жарылыс болып, салдарынан жүз елуден астам адам зардап шекті.

Осы және осыған ұқсас басқа да фактілер ТЖМ-нің алаңдаушылығын тудырады. Сондықтан бұл бағыт тиісті мемлекеттік органдар тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді.

Осыған байланысты, осы бағыттағы жұмыс белсенді жүргізілуде және жақын арада мемлекеттік органдар өрт қауіпсіздігі қағидаларына кейінгі өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттамасына барлық қажетті түзетулерді қабылдайтын болады.