Бүгін Асқар Забикулин атындағы № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлердің балалары арасында балаларды қорғау күніне арналған «Өрт сөндіруші және құтқарушы – балалар көзімен» атты суреттер конкурсын өткізді. Іс-шара мақсаты – өскелең ұрпақ арасында тыныс-тіршілік қауіпсіздік мәдениетін насихаттау, ТЖ-ның алдын алу, балаларға ТЖ кезіндегі іс-қимылды үйрету, құтқарушы мамандығын танымал ету. Іс-шара Төтенше жағдайлар ардагерлер ұйымының және Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясының қолдауымен өтті.
Конкурс барысында аниматорлардың қатысуымен әртүрлі ойындар, жарыстар және билер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, арнайы техникалар мен жабдықтар көрсетілді.
Конкурстың 13 жасар қатысушысы Ерасыл Әділжанов: «Қауіпсіздік үшін қандай да бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін білу үшін тәртіп ережелерін білу және дайындалу өте маңызды. Мен өскенде адамдарға пайда әкелетін мамандықты таңдағым келеді. Бүгін біз өрт сөндірушілер мұражайында болдық және осы мамандық туралы көбірек білдік. Менің ойымша, өрт сөндіруші болу үшін ержүректілік, батырлық және батылдық сияқты қасиеттерге ие болу керек. Біреудің қайғысына бей-жай қарамау - бұл мамандықтың басты ерекшеліктерінің бірі».
Конкурсқа қатысушылардың ата-аналарының бірі Гүлзат Мизанбаева пікір білдірді: «Біз 3 жастан бастап балаларымызға оттың, электр энергиясының не екенін және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірдік. Оларға төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне қоңырау шалу керек екенін айттық. Менің ойымша, балаларға кішкентай кезінен бастап қалай әрекет ету керектігін түсіндіру керек, өйткені кез-келген адам қиындыққа тап болуы мүмкін. Бала кішкентай болған кезден бастау керек. Ең бастысы-баламен сөйлесу, ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінуге көмектесу қажет».
Байқаудың тағы бір қатысушысы Мәлік Назаралидің айтуынша: «Бірінші маусымда біздің еліміз, сондай-ақ бүкіл әлем балаларды қорғау күнін атап өтеді. Менің ойымша, әр бала өрт қауіпсіздігі, сіріңке мен электр құрылғыларымен ойнауға болмайтыны туралы көбірек білуі керек. Сонымен қатар, терезенің алдында ойнауға болмайды, өйткені сіз құлап, қолыңызды немесе аяғыңызды сындырып алуыңыз мүмкін. Бүгін біз өрт сөндірушілер мұражайына экскурсияға бардық және осы мамандық туралы көбірек білдік. Тек шыдамдылық, батылдық пен ерік-жігері бар адамдар ғана өрт сөндіруші бола алады. Бұл өте ержүрек жандар таңдайтын мамандық!».
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, мереке аясында Астана қаласы ТЖД Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына балалары мен ата-аналарына бару ұйымдастырылды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі