Балалардың қауіпсіз демалысы-құтқарушылардың басты міндеті

Балалардың қауіпсіз демалысы-құтқарушылардың басты міндеті

ШҚО ТЖД құтқарушыларының бастамасы бойынша балаларды сауықтыру лагерлерінде танымдық іс-шаралар мен жарыстар өткізіледі. Басымдық суда жүру ережелері, өрт, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер.

«Дарын» лагеріндегі өрт сөндірушілер балаларға жоғары температурада жұмыс істейтін киім-кешектерін, сондай-ақ тыныс алуға жарамсыз ортаға арналған арнайы оттегі маскаларын көрсетті.

Төрт аяқты құтқарушы Хит үлкен қуанышқа бөледі. Ол ШҚО ТЖД кәсіби кинологы Константин Ровняковпен жұптасқан.

ТЖ аймағында зардап шеккендерді табу қажет болғанда көмекке келеді. Кинологқа ұлдар мен қыздар сұрақтарды қарша боратты, олар балаларды есіктің жабылып қалған кезінде, орманда немесе көшеде жоғалған кезде қалай құтқаратынын білді.

Содан кейін ШҚО ТЖД қызметкерлері қауіпсіздік эстафетасын өткізді. Командалар кедергілерді еңсеріп, соның арқасында өрт сөндіруші және құтқарушы болып жұмыс істеудің оңай  емес екендігін білді.

Тәлімгерлер де іркіліп қалмады, олар да эстафета кезеңдерінен өтті. Балалар өз ұстаздары үшін қатты қолпаштау көрсетті. ТЖ қызметінің қызметкерлері балалар қауіпсіздік шаралары туралы өз ойларын айтып, жасақтардың көріністер көрсету кезінде нағыз мақтанышты сезінді. Ең жас қатысушылар шомылу кезінде ережелерді сақтамау қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Олар әзілмен көрсетті, Егер сіз суда еркелеп, жалған дабылдар берсеңіз не болатынын көрсетті және барлығының ықыласына бөленді.

Іс-шараға барлығы 300-ден астам бала қатысты. Мұндай іс – шаралардың мақсаты балалармен болған жазатайым оқиғалардың алдын алу, өскелең ұрпақты демалыста бос болмауын қамтамасыз ету, оқыту, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Құтқарушылар мұндай практикалық сабақтардан кейін балалар психологиялық тұрғыдан тұрақты болады және кез-келген төтенше жағдайларға дайын болады деп санайды.

Балаларды сауықтыру лагерлерінде балалар уақытты пайдалы және қызығушылықпен өткізеді.

 

ШҚО баспасөз қызметі