Жүректен шыққан жылы сөз

Жүректен шыққан жылы сөз

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің атына Саран қаласының тұрғындарынан хат келіп түсті.

11 маусым, 21:23 құтқару қызметінің телефонына Саран қаласы Жамбыл көшесіндегі гараждың жануы туралы хабарлама келіп түсті. Жеті минуттан кейін оқиға орнына 24-ӨСБ өрт сөндірушілері келіп, өртті сөндіруге кірісті. Гараж маңында қоқыс жанған. Гараждың металл жақтауы жылыту температураның әсерінен, гараж ішіндегі заттардың өртенуіне әкеліп соқты. Жедел қабылданған шаралармен кезекші қарауыл гараждарды ашып, ішіндегі автокөлікті сыртқа сүйреп шығарды.

Автокөлік иесі өз хатында № 24 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне жедел және үйлесімді жұмысы үшін алғыс білдіреді.

"Барлық отбасы атынан Саран қ. №24 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына, қарауыл бастығы Жангелді Қорабаев пен Саран қ. ТЖ бөлімінің инженері Сақбосын Тускейдің басшылығына өртті сөндіру кезіндегі жедел және кәсіби үйлесімді әрекеттері үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. 2022 жылдың 11 маусымында өрт кезінде біздің гаражымызда көлік болған. Өрт сөндірушілер көлікті итеріп шығрды. Сөйтіп қорқынышты жағдайдың алдын алды, өйткені олар біздің көлігімізді ғана емес, қоршаған ортаны да құтқарды.

Жігіттер жарайсыздар, өздеріңді қатерге тігіп, тез әрекет еттіңіздер.

Сіздердің қауіпті еңбектеріңізге табыс тілейміз!».

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі