Министр Юрий Ильин ҮЕҰ өкілдеріне медальдар табыс етті

Министр Юрий Ильин ҮЕҰ өкілдеріне медальдар табыс етті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері марапатталды.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құттықтау сөзінде заң шығару қызметіндегі бірлескен жұмыс пен қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті. Осы жұмыстардың арқасында төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы азаматтық қорғау жүйесі жетілдірілуде.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, еліміздің 30 жылдығын және «Астана күнін» мерекелеуге орай Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Гүлнар Төретайқызы Құрбанбаеваға, Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директорының орынбасары Гүлнар Шаймұратқызы Қуанғановаға, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасының басшысы Жарас Сұлтанбекұлы Сұлтанбекке, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Сауда және шағын бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Ирина Валерьевна Тюгинаға «Төтенше жағдайлардын алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдары табыс етілді.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті