Қостанай облысында ірі орман өрті сөндірілді

Қостанай облысында ірі орман өрті сөндірілді

10 шілдеде сағат 12:50-де Қостанай ауданындағы «Пригородное» орман шаруашылығы басқармасының аумағында, Тобыл қаласынан 30 шақырым жердегі ірі орман өрті сөндірілді.

Өрт 8 шілдеде сағат 10:40-та басталды. Құрғақ шөп, қарағай мен қайың ағаштары өртенді. Қатты екпінді жел мен құрғақ ыстық ауа райы өртті жедел сөндіруге кедергі келтірді.

Өртке қарсы күреске ТЖД, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар және полиция күштері мен құралдары да қосылды.

Орман алқабын жалыннан қорғау үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ суағар жабдығы бар Ми-8 тікұшағы тартылды. Құтқару тікұшағы әуеден 60 рет су шашты. Отқа шашқан судың жалпы көлемі шамамен 200 тоннаны құрады.

Өрттің жалпы аумағы 300 гектарды құрады. Өрттің шығу себебі – анықталуда.

Өрт келесі күні 9 шілдеде сағат 21:00-де оқшауланды. Түске таман  өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Орман өртін жоюға 315 адам мен 40-тан астам бірлік техника жұмылдырылды.

 

 

Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы